Өңірлер

Ауа райы болжамы: кей өңірлерде 43 градус ыстық болады

© Sputnik / Владимир Сергеев / Медиабанкке өтуАптап
Аптап - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Синоптиктер 23-25 маусымға болжам жасады

АСТАНА, 22 маусым — Sputnik. Синоптиктер алдағы демалыс күндеріне ауа райы болжамын ұсынды.

Женщина под зонтом - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты

Қазақстанға Батыс Сібірдің солтүстік аймағынан суық әрі ылғалды ауа массасы тағы келеді. Бұдан бөлек, алдағы күндері республиканың оңтүстік және орталық өңірлеріне Ираннан келетін ыстық ауа массасы әсер етеді, сол себепті Қазақстан арқылы өтетін атмосфералық фронттар өзара шиеленіседі.

Осы құбылыстардың салдарынан демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, қатты жел соғып, кей жерлерде бұршақ жауады және күн суытады.

Астанада дүлей дауылдан қанша шығын келгені белгілі болды>>

Батыс өңірлерде ғана антициклонның әсерінен күн ашылып, ауа райы жауын-шашынсыз әрі ыстық болады. Ең жоғары ауа температурасы плюс 32-37°С, кей жерлерде 40-43°С-қа жетеді.

Жаңалықтар
0