Қоғам

"Екіжүздісіз!" ҰБТ кезінде түлектерге көмектескен мұғалімдер желіні шулатты

© Sputnik / Болат ШайхиновҚазақстанда ҰБТ басталды
Қазақстанда ҰБТ басталды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгін ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы күнінің қорытындысы шығарылды

АСТАНА, 21 маусым – Sputnik, Нұргүл Абай. Кеше аудиторияға кірерде он телефонмен ұсталған бала Қазнетті біраз шулатса, бүгін әлеуметтік желі қолданушылары ҰБТ кезінде түлектерге телефон арқылы көмектесетін мұғалімдерді әңгіме қылып жатыр. 

Бүгін ұлттық бірыңғай тестілеудің екінші күні. Он бір жыл мектеп қабырғасында алған біліміңді дәлелдейтін күн. Бірі ҰБТ-ны өз күшімен тапсырып жатса, енді біріне, мұғалімдері көмекке келіп жатқан секілді. 

"Бұл жағдайда сіз екіжүздісіз!"

Facebook әлеуметтік желісіндегі Қожагелді Аманкелдіұлы есімді қолданушының "ашынған" жазбасы біраз шу болып, талқыға салынып жатыр. 

"Бүгін ҰБТ-ның екінші күні. Қолдарына соткаларын құшақтап, әр бұрышта оқушыларының тестін шешіп беріп жатқан мұғалімдер қауымын көзім шалып отыр. Және олар біреу-екеу емес, көп…

Осындай мұғалімдерге өттеріңіз жарылып кетсе де айтарым, сіз солай жасасаңыз, мұғалім деген аттан садаға кетіңіз. 11 жыл бойы "өтірік айтпа", "жалған сөйлеме", "адал бол" деп отырып, он біріншіні бітіргенде сол оқушыңызға өзіңіз адалдық танытпай, телефон арқылы жауабын айтып беріп отырсаңыз, 11 жыл бойы айтқан сөзіңізге өзіңіз қарсы шыққаныңыз емей немене?! Бұл жағдайда сіз екіжүздісіз!". 

ҰБТ-ның алғашқы күні қорытындыланды: есінен танып, залдан қуылғандар кім?>>

Міне, желіні "шулатып" жатқан жазбаның бас-аяғы осы. Қолданушы ұстаздардың түлектерге қандай да болсын көмек көрсетуіне үзілді-кесілді қарсы. Әр бала өз білімін өзі дәлелдеп шығуы керек деген пікірде. Алайда желі қолданушыларының бұған қатысты пікірі екіге жарылған. Дені орайы келіп тұрса, түлектерге көмектескенде тұрғанда дәнеме жоқ дейді. 

Оқушылар, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ертең – ҰБТ. Министрлік соңғы жаңалықтарды жария етті

"Айтуға оңай.. сол бала мен ата-ананың орнына өздеріңді қойып көріңдер. Ең болмаса, бір мәрте өз салаларың бойынша тест тапсырып көріңіздерші. Қандай күйде болар екенсіңдер?!.."- деп жазған қолданушылардың бірі. 

"Біздің мектеп осы уақытқа дейін оқушыға тек өзіңе сен деп үйретеді. Шпаргалка, телефондарын кірмей тұрып, жинап аламыз", — депті тағы біреуі. 

 "Мүмкіндік болса, көмектескен дұрыс", — деген екен енді бірі. 

Білім министрлігі не дейді?

ҰБТ басталмай тұрып, білім және ғылым министрлігі барлық ҰБТ өткізу пункті металл іздегішпен, ұялы байланысты бәсеңдеткіш құрылғылармен жабдықталды деп сендірген еді. Десе де, жұрт басқалай шулайды. 

Бұл жағдайды қалай түсіндірер екен деп ведомствоға хабарласқанымызда, баспасөз қызметіндегілер мұның жалған ақпарат болуы мүмкін екенін айтып шектелді. 

"Мұндай болуы мүмкін емес. Сіздер білесіздер, аудиториялар бәсеңдеткіш құрылғылармен жабдықталған. Олар қалай жібереді тест сұрақтарын? Бұл мүмкін емес, жалған ақпарат болуы керек", — деді министрліктің баспасөз қызметі. 

Бірінші күн. Түлектердің алғашқы легі ҰБТ-ны қалай тапсырып шықты?>>

Мұғалімдер не ойлайды?

Астанадағы №54 орта мектепте қазақ тілі және әдебиеті пәнінен сабақ беретін Рая Келесқызы түлектерге көмектесуге мүлде қарсы. Әр оқушы өз біліміне сенуі керек дейді.

Тестілеуге қатысушылардың архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
ҰБТ-2018: Талапкер мен ата-ана білуі тиіс ең басты бес жаңалық

"Біз оқушыларымызды қыс бойы дайындадық. Жылда өздері, ешкімнің көмегінсіз тапсырып шығады. Өз басым өмірімде бірде-бір балаға көмектесіп көргенім жоқ. Бала өзінің білімін көрсетуі керек. 100 пайыз дайын оқушы көмекке зәру емес. Оның үстіне, кабинеттерде байланысты бәсеңдететін құрылғылар болады, мүмкін емес қой сұрақтарды жіберу", — дейді елордалық ұстаз.

Ал елордадағы мектептердің бірінде ұстаздық ететін Гүлнәр Қазақбайқызы ҰБТ кезінде балаларға аздап көмектескен дұрыс деп санайды. 

"Балалар ҰБТ кезінде қобалжиды, бар білгенін ұмытып қалып жатады. Сондықтан оған қолдау көрсету керек. Неше түрлі жағдай басымыздан өтіп жатыр ғой. Бір жағынан, біздікі де дұрыс емес, балаларды өзіміз жаман үйретеміз. Бірақ ҰБТ кезінде аналық сезімім оянып кетеді, балаға жаның ашиды. Өзім де талай түлек ұшырған ұстазбын", — дейді ол. 

"Бір бала он телефонмен ұсталды". Қазақстанда ҰБТ қалай басталды?>>

Ал 25 жыл ғұмырын ұстаз жолына арнаған бұрынғы мұғалім Жаңыл Бағрамқызы түлектерге ҰБТ кезінде жәрдемдесуге үзілді-кесілді қарсы. Өзі де мектепте сабақ берсе де, әр жылдары сынақ тапсырған үш баласына мүлде көмектеспеген. 

"Ауылда талай жыл ұстаздық еттім. Шынын айтайын, бірде бір рет телефонмен тест жауаптарын жіберіп, түлектерге көмектесіп көрмеппін. Өз басым оған мүлде қарсымын, жөн деп санамаймын. Ертең мұғалімнің көмегімен жоғары балл жинап шыққан баладан қандай үміт күтеміз?! Бұл дұрыс емес, әр оқушы тек өзінің білімі мен ақылына сенуі керек", — дейді елорда тұрғыны.

Тестілеуге қатысушылардың архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Жоғары оқу орнына түсу үшін ҰБТ-дан кемінде қанша балл жинау керек?

Айта кетейік, ҰБТ-ның алғашқы күні Қазақстан бойынша 13 897 түлек сынақ тапсырды. Республика бойынша орташа балл 80,9 балды құрады, былтыр бірінші күннің нәтижесі бойынша 77,5 процент болған еді. Орташа балл республика бойынша 4 процентке жоғарылады.

11 795 түлек немесе ҰБТ тапсырғандардың 84,8 проценті шекті 50 балдан жоғары жинады. Ал 2102 бала шекті балл да ала алмаған. Ең жоғары балл 137 болды

Жаңалықтар
0