Қоғам

Жоғары оқу орнына түсу үшін ҰБТ-дан кемінде қанша балл жинау керек?

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтуТестілеуге қатысушылардың архивтегі фотосы
Тестілеуге қатысушылардың архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Биыл ұлттық бірыңғай тестілеу 20 маусым мен 1 шілде аралығында өтеді

АСТАНА, 2 мамыр – Sputnik. "Ұлттық тестілеу орталығы" РМҚК директоры Рамазан Әлімқұлов Қазақстанның жоғары оқу орындарына түсу үшін емтиханнан қанша балл жинау керектігін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Оқушының архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Биыл қанша бала ҰБТ тапсыратыны белгілі болды

"Білім, ауыл шаруашылығы және ветеринария бағыты бойынша ең төменгі шекті балл – 60. Ұлттық университеттерге түсу үшін 65 балл жинау керек, медицина бойынша да 65 балл қалады", — деді Әлімқұлов. 

Оның айтуынша, биыл тест сұрақтарының 50 пайызы жаңартылған. Сонымен қатар сұрақ қоры да көбейіпті.  

 "ҰБТ-ға дайындық қызу жүріп жатыр. Былтыр 40 мың сұрақ болса, биыл қорымызда 119 мың сұрақ бар. Оның 3 мыңдайы – ағылшын тілінде. 119 мың сұрақтың 11 пайызы функционалдық сауаттылыққа бағытталған, 37 пайызы бір немесе бірнеше дұрыс жауапқа арналған тест сұрақтары", — деді орталық директоры.

Айта кетсек, биыл ұлттық бірыңғай тестілеуді 167 пункте өткізу жоспарланып отыр.  Оның ішінде 48 пункті жоғары оқу орындарында, қалғаны орта мектептерде орналасқан.

Жаңалықтар
0