Қоғам

Биыл қанша бала ҰБТ тапсыратыны белгілі болды

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуОқушының архивтегі фотосы
Оқушының архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұлттық бірыңғай тестілеу республика бойынша 20 маусым мен 1 шілде аралығында өтеді

АСТАНА, 2 мамыр – Sputnik. "Ұлттық тестілеу орталығы" РМҚК директоры Рамазан Әлімқұлов елімізде биыл қанша бала ҰБТ тапсыратынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"2 мамырдағы мәлімет бойынша 96 963  түлек ҰБТ тапсыруға ниет білдірген. Оның 73 мыңы, яғни 80 проценті қазақ тілінде тапсыруға өтініш берген", — деді Әлімқұлов. 

Оның айтуынша, барлығы республика бойынша 146 мың оқушы мектеп бітіреді. Соның 69 пайызы биыл ҰБТ қатысамыз деп үміттеніп отыр. 

ҰБТ - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ерекше қажеттіліктері бар түлектерге ҰБТ кезінде жеке көмекші ұсынылады

"Алдын ала өзін тексеру сынақ бойынша, математика-физика пәнін  түлектердің 30 проценті таңдаған. Математика-физика пәнін таңдаған кезде 52 мамандыққа түсетін мүмкіншілік бар. Екінші орында химия-биология, бұл комбинация бойынша түлектердің 25 пайызы тапсырған. Осы санды көбейту керек, техникалық мамандықтарға грантқа іліну үшін осы комбинацияны таңдаған жөн деп санаймыз", — деді ол. 

Өтініштерді қабылдау 10 мамырда аяқталады. 

Айта кетсек, биыл ҰБТ форматына өзгеріс енгізілген жоқ, тек оқушыларға сынақты ағылшын тілінде тапсыруға мүмкіндік беріліп отыр. Бүгінгі таңда 200-ге жуық түлек ҰБТ-ны ағылшын тілінде тапсыруға ниет білдірген. Дегенмен бұл көрсеткіш әлі де өзгереді. 

Бұған қоса, орынды себеппен өз тобымен ҰБТ тапсыра алмаған түлектер сынақты басқа күні, басқа топпен тапсыра алады.


Жаңалықтар
0