Экономика

Ұлттық банк 7-20-25" ипотекалық кредиттеу бағдарламасын бекітті

© Sputnik / Алексей Филиппов / Медиабанкке өтуТұрғын үйдің архивтегі фотосы
Тұрғын үйдің архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жаңа бағдарламаның талаптарын түсіндіру мақсатында қаржы реттеушінің мобильді қосымшасында арнайы бөлім іске қосылды

АСТАНА, 19 маусым — Sputnik. Қазақстанның Ұлттық банкі "7-20-25" ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасын бекітті. Қаулығы Ұлттық банктің басқармасы 31 мамырда қол қойған. Қаржы реттеушінің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстанға түсіндіргендей, осы уақыт ішінде құжат қажетті заң процедураларынан өткен, сондықтан ол туралы бүгін ғана мәлімдеп отыр.  

құрылыс, архив суреті - Sputnik Қазақстан
Экономика
Назарбаев "7-20-25" бағдарламасын жүзеге асыратын шенеуніктерді ұрламауға шақырды

Бағдарламада ипотекалық тұрғын үй қарыздарын берудің негізгі талаптары, қарыз алушылар мен банктерге қойылатын өлшемшарттар айқындалған. 

"Бағдарламаға Қазақстан Республикасының еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен алатын табысы бар, сондай-ақ меншік құқығында тұрғын үйі жоқ кез келген азаматы қатыса алады", — деп жазылған Ұлттық банк таратқан хабарламада. 

Бағдарламада Қазақстан Республикасының кез келген өңірінде бастапқы нарықта тұрғын үй сатып алу үшін мынадай құн шегінде ипотекалық тұрғын үй қарызын алуға болады: 

25 миллион теңге – Астана, Алматы, Ақтау және Атырау қалаларында; 

15 миллион теңге – басқа өңірлерде. 

Бағдарламаның операторы – Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің еншілес ұйымы – "Баспана" ипотекалық ұйымы" АҚ. 

Оператор облигацияларды шығару және орналастыру есебінен қаржыландырудың нарықтық тетіктерін пайдалана отырып Қазақстан қор биржасына (KASE) кемінде 1 триллион теңге тартады және алынған қаражатты бағдарламаның талаптары бойынша қатысушы банктер берген ипотекалық тұрғын үй қарыздарын сатып алуға жібереді. 

Бағдарлама шеңберінде қатысушы банктерге қатысты өлшемшарттар айқындалатын болады. Қатысушы банктердің тізбесі олар "Баспана" ипотекалық ұйымы" АҚ-мен тиісті шарттар жасасқан соң Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ресми интернет-ресурсында жарияланады.

Астана, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"7-20-25" бағдарламасы бойынша баспана алу үшін не істеу керек?

Бағдарламаның талаптарына сәйкес қатысушы банктердің қарыздар беру және қызмет көрсету үшін қарыз алушылардан комиссия алуға құқығы жоқ. 

Қатысушы банктердің қарыздарды беру рәсімдерінің басталғаны туралы ақпарат Қазақстан Ұлттық банкінің интернет-ресурсында да орналастырылады. "7-20-25" бағдарламасын іске асыра бастаудың болжамды мерзімі – биылғы жылдың екінші жартысы. 

"7-20-25" бағдарламаның талаптарын түсіндіру үшін Қазақстан Ұлттық банкінің "ҚҰБ "Online" мобильді қосымшасында 2018 жылдың 19 маусымынан бастап "7-20-25" жаңа бөлімі іске қосылды, онда осы бағдарламаға қатысты сұрақтарға жедел жауап алуға болады. 


Жаңалықтар
0