Қоғам

"7-20-25" бағдарламасы бойынша баспана алу үшін не істеу керек?

© Sputnik / Сергей Субботин / Медиабанкке өтуАстана, архивтегі фото
Астана, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"7-20-25" тұрғын үй бағдарламасы биылғы жылдың екінші жартысында іске қосылады

АСТАНА, 4 мамыр  — Sputnik, Айымгүл Әбіл. Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев жаңа "7-20-25" ипотекалық бағдарламасы бойынша баспана алу үшін не істеу қажеттігін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Нұрлы жер бағдарламасы бойынша салынған үй, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Министр "7-20-25" бағдарламасы бойынша ипотека қашан берілетінін айтты

"Ұлттық банк қазір мемлекет басшысының бес әлеуметтік бастамасының аясында "7-20-25" бағдарламасын әзірлеп жатыр. Мен азаматтардың осы бағдарламаға қатысу үшін не істеу қажет екенін айтқым келеді",  — деді бүгін парламенттік тыңдау барысында Данияр Ақышев. 

Біріншіден, азамат сатып алатын баспанасын таңдау керек. Бұл орайда бағдарламада үйдің шекті құны бекітілетінін ескерген жөн.  Мысалы, Астана, Алматы, Ақтау, Атырау қалаларында баспананың ең жоғары бағасы 25 миллион теңге, ал басқа өңірлерде 15 миллион теңге болады. 

Бұдан бөлек, Ақышевтың айтуынша, бастапқы кезеңде бағдарлама аясында жаңа үйлерге ғана ипотека беріледі. 

"Екіншіден, азамат бағдарламаға қатысатын банкке келіп, өтініш пен қажетті құжаттарды тапсыру қажет. Біз таяуда қаржылық көрсеткіштері жоғары, филиалдық жүйесі мен азаматтарға қызмет көрсету сапасы жақсы дамыған банктерді бекітеміз", — деді ол. 

"Үшіншіден, кредит алу үшін азаматтың табысы болуы керек. Төртіншіден, оның меншігінде баспанасы болмауға тиіс, бұл талапты біз қазір егжей-тегжей қарастырып жатырмыз. Ұлттық банк осы ережелерді халыққа түсіндіріп, белсенді жұмыс істеуге бар күшін салады", — деді Ақышев.

Данияр Ақышев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ақышев Елбасыға "7-20-25" бағдарламасын қалай орындайтынын айтып берді

Еске сала кетсек, президент Нұрсұлтан Назарбаев "7 – 20 – 25" жаңа тұрғын үй бағдарламасын ұсынған еді. Жұмыс істейтін әрбір қазақстандық төмендегідей шарттар бойынша теңгемен несие алу мүмкіндігіне ие болады. Несие өсімінің мөлшерлемесі қазіргідей 14-16 емес, жылына 7 пайыздан аспайды. Бастапқы жарна баспана құнының 20 пайызы мөлшерінде белгіленеді. Несие алушының ай сайынғы төлемін азайту үшін оның мерзімі 10-15 емес, 25 жылға дейін болады.

Банктерден кредиттерді сатып алатын оператор құрылып, ол "Баспана" ипотекалық компаниясы деп аталмақ.  Бағдарлама 2018 жылдың екінші жартысынан бастап іске қосылады деп жоспарланып отыр. 


Жаңалықтар
0