Қоғам

Ақышев Елбасыға "7-20-25" бағдарламасын қалай орындайтынын айтып берді

© Sputnik / Болат ШайхиновДанияр Ақышев
Данияр Ақышев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұлттық банк төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевты бағдарламаны уақытында және толыққанды орындайтынына сендірді

АСТАНА, 28 сәуір  — Sputnik. Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев "7-20-25" жаңа тұрғын үй бағдарламасын іске қосуға дайындық қалай жүріп жатқанын баяндады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Әйел есікті ашып жатыр - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Назарбаев Шымкенттегі тойлар туралы: бұл ақшаны жастарға баспана алуға беру керек
 

"Бұл бағдарламаға кімдер қатыса алады? Алғашқы кезеңде бағдарлама бойынша баспана алу үшін бірнеше шарт болады.  Бірінші, азаматтың баспанасы болмауы керек. Екіншіден, бағдарлама қоғамда масылдылыққа жол бермеуі қажет. Оның тиімділігі тұрғындардың қарызын төлей алуына байланысты болмақ. Сондықтан бағдарламаға табысы бар азаматтар қатысады. Біз бәрін есептеп қойдық, бұл бағдарламаға сұраныс көп болады деген ойдамыз", — деді Ақышев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясында. 

Бұдан бөлек, банк төрағасы бастапқы кезеңде кредит жаңа үйлерге берілетінін айтты. Кейін бағдарламаны кеңейту мүмкіндігі қарастырылады. 

"Төртіншіден, бұл әлеуметтік бағдарлама. Сондықтан мемлекеттің міндеті бірінші кезекте тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамту болып отыр. Осыған орай үйдің шекті құны анықталады. Мәселен, Астана, Алматы, Ақтау және Атырау қалалары үшін баспананың ең жоғары бағасы  25 миллион теңге, өзге өңірлер үшін 15 миллион теңге болады", — деген ол президентті бағдарламаның уақытында және тиімді орындалатынына сендірді.

Нұрлы жер бағдарламасы бойынша салынған үй, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Министр "7-20-25" бағдарламасы бойынша ипотека қашан берілетінін айтты

"Бағдарламаны жүзеге асыру Ұлттық банкке тапсырылды. Осы ретте оның тиімділігі үшін бізге жүктелген үлкен жауапкершілікті сезінеміз. Соңғы күндері барлық банкпен талқылап жатырмыз. Нұрсұлтан Әбішұлы, банктер бағдарламаға қатысып, сіздің бастамаңыздың толық іске асуына бар күшін салуға дайын екеніне сендіргім келеді. Біз нақты қадамдарды жасадық, парламенттің қарауына ұсынылған заңнамалық түзетулер әзірленді. Кеше ұлттық банк басқармасының отырысында банктерден кредиттерді сатып алатын оператор құру туралы шешім қабылданды.  Ол "Баспана" ипотекалық компаниясы деп аталады.  Біз бұл бағдарламаны орындаймыз. 2018 жылдың екінші жартысынан бастап азаматтар банктерден кредит ала бастайды", — деп қадап айтты Ақышев.


Жаңалықтар
0