Оқиға

Астана-Алматы пойызының апатқа ұшырау себебіне байланысты тың дерек шықты

© Sputnik / Медиабанкке өтуПойыз апаты
Пойыз апаты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан және Ресей мамандары тергеу барысында теміржол оқиғасының моделін жасамақшы

АСТАНА, 18 маусым — Sputnik. Астана – Алматы пойызы ұшыраған апатты тергеу комиссиясы екі пойыздың жанасуын жоққа шығарады, деп хабарлайды Қазақстанның инвестициялар және даму министрлігі баспасөз қызметі.

Аурухана - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Астана - Алматы пойызы апатында зардап шеккендер саны артты

Жамбыл облысында ҚР көлік комитеті төрағасы Әсет Асаубаев пен ҚТЖ ҰК АҚ басқарма төрағасы Қанат Алпысбаевтың қатысуымен 17 маусымдағы пойыз апатына қатысты брифинг өтті.

Қазіргі уақытта комиссия теміржол учаскесінің техникалық жағдайын тексеріп жатыр, қозғалатын бөлігінде өлшеу жұмыстары жүргізіледі.

"Комиссия жолаушылар пойызы жолдан шығып кеткенде, қатарлас жолда келе жатқан жүк пойызын қайта жүргізіп көрді. Тәжірибе көрсеткендей, қатар жолдар арқылы өткенде екі пойыз бір-бірімен жанаспаған. Жолаушылар пойызы жолдан шығып кеткен кезде ғана жүк пойызына тиген", — делінген хабарламада.

Тергеуге Қазақстан мен Ресейдің білікті мамандары қатысып жатыр, олар ғылыми-техникалық зерттеу жүргізіп, пойыз апатының моделін құрастырады. Мамандардың жұмысы нәтижесі апат себебін анықтау барысында ескеріледі.

Тергеу қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылданады.

Жаңалықтар
0