Оқиға

Астана - Алматы пойызы апатында зардап шеккендер саны артты

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуАурухана
Аурухана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Зардап шеккендерді Алматы ауруханасының білікті мамандары қарап, амбулаториялық ем алуға жіберді

АЛМАТЫ, 18 маусым — Sputnik. Алматыға жеткізілген жолаушылардың біраз бөлігі дәрігерлердің көмегіне жүгінді. №4 ауруханаға әртүрлі жарақатпен 8 науқас жеткізілді, деп хабарлайды қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Пойыз - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Пойыз апаты: сақтандыру өтемақысын қалай алуға болады?

Бұдан бұрын 14 адам зардап шекті деп хабарланған еді.

Төтенше оқиғадан кейін келесі күні дәрігерлерге қаралған сегіз науқас әртүрлі жарақат алған.

"Аурухананың қабылдау бөлімінде білікті мамандар науқастарды қарап шықты. Нәтижесінде зардап шеккендер амбулаториялық ем алуға жіберілді. Ауруханаға ешкім жатқызылған жоқ", — деп хабарлайды ведомство.

Жексенбі күні Жамбыл облысы Шу ауданында Астана – Алматы пойызының сегіз вагоны аударылған. Пойызда болған 829 жолаушының біреуі қаза тапты.

Жаңалықтар
0