АСТАНА, 18 маусым — Sputnik. Қазгидромет еліміздің екі облысында дабылды ескерту жариялады.
Шығыс Қазақстан облысында 19 маусымда кей жерлерде жаңбыр жауып, күн күркірейді, дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады – жылдамдығы 17-22 м/с, күндіз ұйытқуы 23-28 м/с.
19 маусымда күндіз Өскеменде жаңбыр жауып, күн күркірейді, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 17-22 м/с.
Қостанай облысында 19 маусымда кей жерлерде күн күркірейді, бұршақ түсуі мүмкін, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Дауыл соғу ықтималдығы 90-95%.