Өңірлер

Талдықорғанда үш адам менингит жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түсті

© Sputnik / Анатолий Медведь / Медиабанкке өтуНауқас
Науқас - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Науқастардың жағдайы бір қалыпты, нақты диагноз қою үшін сараптама жүргізіліп жатыр

ТАЛДЫҚОРҒАН, 18 маусым — Sputnik. Талдықорғанда менингококк жұқпасын жұқтырды деген күдікпен үш адам ауруханаға түсті: екі студент пен тоғыз жасар бала.

Жансақтау бөлімі - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Шымкентте қайтыс болған бозбала менингит жұқтырған болуы мүмкін

"Үш адам түсті. Науқастардың бәрі – облыс орталығы тұрғындары, бірақ бір-біріне қатысы жоқ. Бәрі ораза ұстап, мешітте болған. Екі жас жігіт – 18 және 20 жаста – ауруханаға 17 маусымда түсті, ал тоғыз жасар бала балалар жұқпалы аурулар ауруханасына 18 маусымда жатқызылған", − деп хабарлады Алматы облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысы Асхат Шарапиев Sputnik агенттігіне.

Шарапиевтың айтуынша, науқастардың жағдайы бір қалыпты ауыр. Әзірше диагноз расталған жоқ, лабораториялық зерттеулер жүгізілуде.

Қазақстанда 2018 жылдың басынан бері 61 адам менингококк жұқпасына шалдықты. 12 адам қаза тапқан.

Жаңалықтар
0