Өңірлер

Шымкентте қайтыс болған бозбала менингит жұқтырған болуы мүмкін

© Sputnik / Михаил Фомичев / Фотобанкке өтуЖансақтау бөлімі
Жансақтау бөлімі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Yandex newsTelegram
Денсаулық сақтау басқармасы оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасайды

ШЫМКЕНТ, 15 маусым — Sputnik. Шымкентте менингит жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түскен 18 жастағы науқас қайтыс болды, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы.

Аурухана - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Біртанов менингит жұқтырғандардың жағдайы туралы айтты

"2000 жылы туған жасөспірім менингит жұқтырды деген күдікпен бүгін таңертең алтыда түскен еді. Жеті кезінде қайтыс болды. Лабораториялық зерттеулер аяқталғанға дейін ресми түрде менингококк жұқпасы ма, жоқ па айта алмаймыз", — деп мәлімет берді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы.

Ресми мәлімдеме Шымкентте бүгін 15.00-де жарияланады.

Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі хабарлағандай, жыл басынан бері менингит жұқтырған 61 адам ресми тіркелген. Он екі науқас көз жұмды.

Жаңалықтар
0