Әлем

Жантүршігерлік апаттан 4 түлек көз жұмды, арасында топ-менеджердің қызы бар

© Photo : Stefan SchweihoferЖолдағы ескерту белгісі. Архивтегі фото
Жолдағы ескерту белгісі. Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
НовостиTelegram
Қаза тапқандар Урал федеральды университетінің түлектері екені белгілі болды

АСТАНА, 18 маусым — Sputnik. Ресейдің Урал өңірінде жантүршігерлік апаттан екі бозбала мен екі қыз көз жұмды. Трагедия 16 маусым күні түн ортасында Свердлов облысындағы Верхняя Сысерть елді мекеніне жақын маңда болған, деп хабарлады E1.RU. 

Автобустың архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Астанада автобус жүргізушісі доңғалақ ауыстыру кезінде көз жұмды

Бос жатқан орман жолында екі квадроцикл соқтығысқан, бірінде жігіт пен қыз, екіншісінде жігіт пен екі қыз болған. Төртеуі оқиға орнында қаза болды. Бір қыз аман қалған. Ол белбеу тақпай, ешкімнен ұстамай отырған, қатты соққыдан талдарға қарай ұшып түсіпті. Екатерина есімді қыз ауруханада жатыр, ауыр жарақат алмаған.  

Қаза тапқандар Урал федеральды университетінің түлектері екені белгілі болды,  21-22 жастағы қыз-жігіттер диплом алғандарын атап өткен. Түлектер жақын маңдағы  пансионатта демалған.  

L!FE хабарлағандай, квадроциклдер "Орыс мыс компаниясы" холдингінің вице-президенті Максим Щибрикке тиесілі. Жол апатынан қаза тапқандардың арасында оның қызы Лиза да бар. Бұл ақпаратты оның танысы растаған. Қыз ат спортына әуестенген, алайда квадроциклмен серуендегенді де ұнататын болған.   

Аман қалған жолаушының туыстарының бірі квадроциклдер жоғары жылдамдықпен қарама-қарсы соқтығысқанын айтты. Олар кім бірінші бұрылады деп бәстескен көрінеді. Көлік құралдарының бірінің спидометрі сағатына 105 километрді көрсеткен күйі қатып қалыпты. 

Басылымның дереккөзі сондай-ақ жастар трагедия кезінде мас болуы мүмкін екенін хабарлады.     


Жаңалықтар
0