Қоғам

Үш ай ішінде Қазақстанда тағы үш жол ақылы болады

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өтуТасжол, архивтегі фото
Тасжол, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жыл соңына дейін Алматы-Қорғас, Астана-Теміртау және Алматы-Қапшағай тас жолдарында ақы алу жүйесі орнатылады

АСТАНА, 15 маусым – Sputnik. Алдағы үш айда Қазақстанның тағы үш республикалық тас жолында ақы алу жүйесі енгізіледі. Бұл туралы инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Жол апаты, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Жыл басынан бері Қазақстанда 600-ден аса адам жол апатынан көз жұмды

Министр қазір елімізде тек Астана-Бурабай тас жолы ғана ақылы екенін атап өтті. Айтуынша, алдағы үш айда тағы үш учаске ақылы болады. 

"Алдағы үш айда үш учаскеде – 630 шақырымнан астам – ақы алу жүйесі енгізіледі. Бірінші учаске – Алматы-Қорғас, шілде айының соңында жүйе толығымен енгізіледі. Сондай-ақ Астана-Теміртау және Алматы-Қапшағай жолдары қыркүйек айында ақылы болады", — деді Қасымбек парламент палаталарының бірлескен отырысында. 

Ол 2020 жылға дейін 5,5 мың шақырымды, ал 2022 жылға дейін 10 мыңнан астам шақырымды ақылы ету жоспарланып отырғанын айтты.


Жаңалықтар
0