Қоғам

Жыл басынан бері Қазақстанда 600-ден аса адам жол апатынан көз жұмды

© SputnikЖол апаты, архивтегі фото
Жол апаты, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сонымен қатар жеті мыңнан астам адам жол апатында жараланған

АСТАНА, 14 маусым — Sputnik. Жыл басынан бері Қазақстан жолдарында 614 адам қаза тауып, 7 мыңнан астамы жарақат алған. Бұл туралы бүгін ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Министр жолда тәртіп орнату жергілікті полиция жұмысының тиімділігіне тікелей байланысты екенін атап өтті. 

Түнгі көлік қозғалысы - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Риддердегі жол апаты: қаза тапқан жігіттің әкесі Назарбаевтан көмек сұрады

"Соңғы үш жылда бізде жол апаты мен одан қаза тапқандар саны азайып келеді. Дегенмен, жүргізушілерге қойылатын талаптар мен қатаң әкімшілік тәжірибеге қарамастан, жыл басынан бері 614 адам қаза тауып, 7 мыңнан астамы жарақат алды. Жол-көлік оқиғаларының негізгі себебі – жүргізушілердің жол ережелерін сақтамауы. 10 мыңнан аса мас жүргізуші ұсталды. Сот тәртібімен 14 мың адам көлік басқару құқығынан айырылды, мыңнан астамы әкімшілік қамауға алынды. Тек биылдың өзінде бір миллионнан астам жол ережесін бұзудың жолы кесілді. Олардың үштен бірі жолдарда орнатылған бейнебақылау камераларының арқасында", — деді Қасымов халыққа есеп беру кездесуінде. 

Ол таяуда Астанада 400 қиылыс пен  жолдардың 300 желілік учаскесінде "Сергек" камералары орнатылатынын айтты. 

"Бірқатар облыс орталығында жолды бақылаудың стационарлық жүйесі орнатылған, автоматтандырылған радарлар қолданылады. Полицейлер жеке бейнетіркеуішпен жабдықталып жатыр. Сондай-ақ, қазір біз полицейлердің жұмысында электронды әкімшілік өндіріс енгіземіз. Осыған байланысты полицейлерді кезең-кезеңмен планшетпен қамтамасыз етеміз, олар соның көмегімен әкімшілік хаттама толтырады. ІІМ мәліметтер базасы  заң бұзғандар мен олардың көлігін оқиға орнында тексеру үшін полицейлерге қолжетімді болады", — деді ол.


Жаңалықтар
0