Қоғам

ІІМ синтетикалық есірткі сататындармен неге күресе алмай отыр?

© Sputnik / Болат ШайхиновҚалмұханбет Қасымов
Қалмұханбет Қасымов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Министрдің халыққа есеп беру кездесуінде СҚО тұрғыны мектеп оқушыларын әлеуметтік желілер арқылы есірткі сатуға шақыру көбейіп бара жатқанына алаңдаушылық білдірді

АСТАНА, 14 маусым — Sputnik. Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов синтетикалық есірткіні тасымалдайтындармен күресу үшін қандай шаралар қабылданып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Полиция, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қасымов Қазақстанда қандай қылмыс түрі ең көп таралғанын айтты
  

Бүгін министрдің халыққа есеп беру кездесуінде Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны байланысқа шығып, БАҚ беттерінде "мектеп оқушыларын әлеуметтік желілер арқылы есірткі сатуға шақыру көбейіп барады" деген ақпарат жиі таралып жатқанын айтып, алаңдаушылығын білдірді. Әйел осы бағытта ішкі істер министрлігі қандай шараларды қолға алып жатқанын сұрады. 

"Бұл мәселе синтетикалық есірткі заттарының таралуымен байланысты. Оларды жеткізу тәсілі бүгінде әртүрлі. Көбінде интернет ресурстар қолданылады. Біз бұл мәселелерді бақылап отырмыз. Есірткі бизнесімен күрес департаментінен бөлек, бізде элекронды қылмыстармен айналысатын департамент бар. Өткен жылы осындай 198 сайтты анықтадық, олар бойынша шаралар қабылдап жатырмыз", — деді Қасымов есеп беру кездесуінде. 

Министр синтетикалық есірткіме күресу бүгінде оңай болмай отырғанын ашық айтты. 

"Біз тек заңда көрсетілген затты ғана есірткі деп танимыз. Біз, мәселен, заңнамамен героин мен апиынды есірткі деп бекітеміз. Егер тәркіленген есірткі түрі заңда көрсетілсе, онда есірткі деп санап, ал адамды жауапқа тартамыз. Бірақ, соңғы уақытта синтетикалық есірткінің формуласы үнемі өзгеріп тұратын болды. Біз есірткі таратқандарды ұстаймыз, алайда кейін тексере келе мұндай есірткі біздің тізімде болмай шығады. Сәйкесінше ұсталған адамды жауапқа тарта алмаймыз. Сондай-ақ, есірткінің қандай да бір түрін есірткі заттарының тізіміне енгізу туралы шешім қабылдаймыз. Бұл өте ұзақ процесс, өйткені заң мемлекеттік органдарда, парламентте қаралады, әдетте 5-7 ай уақыт кетіп жатады, кейде бір жылға дейін. Шешім қабылдаған сәтте жаңа түрін тізімге қосамыз, бірақ өндірушілер сол арада оның формуласын өзгертіп, қайтадан біздің елге тасымалдайды. Біз тағы да дәрменсіз қаламыз", — деді Қасымов. 

Жол апаты, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Жыл басынан бері Қазақстанда 600-ден аса адам жол апатынан көз жұмды

Ведомство басшысы синтетикалық есірткімен күрес мәселесінде халықаралық тәжірибе зерттелгенін атап өтті. 

"Әлем елдері де осындай проблемаға тап болып отыр, қазір әр ел мұны әрқалай шеше бастады. Яғни олар есірткіні тізімге енгізуді заңмен емес, заңға қосымша актілермен шешеді. Заң деңгейінде емес. Айталық, Ресей иен Өзбекстан үкімет деңгейінде шешті. Беларусь басқа жолды таңдады – тізімді денсаулық сақтау министрі жасайды. Біз әлемдік тәжірибені зерделеп, ұзақ талқылап, есірткіні тізімге үкімет қаулысымен енгізуге келістік. Барлық мемлекеттік орган мұны құптап отыр. Қазір тиісті заң парламентте жатыр. Бұл мәселе шешімін тапса, полицейлердің жұмысы жеңілдейді деген ойдамыз", — деді ол. 

Қасымовтың айтуынша, қазір Қазақстан басқа елдермен есірткіге қатысты ақпаратпен алмасуда

"Олар бізге есірткінің формуласын жібереді, біз оны тізімге қосамыз. Осылайша есірткінің бір елден екінші елге тарауына мүмкіндік бермейміз. Осындай ұжымдық жұмыс жүріп жатыр. Менің ойымша, біз бұл процесті тоқтата аламыз", — деген сенім білдірді министр.


Жаңалықтар
0