Әлем

Өзбекстан президенті Рамазан айы құрметіне 226 адамға рақымшылық жасады

© Sputnik / Алексей Дружинин / Медиабанкке өтуШавкат Мирзиёев
Шавкат Мирзиёев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Үкімет түрмеден босап шыққандардың туыстары мен жақындарына қосылуына, әлеуметтік ортаға бейімделуіне көмектеседі

АСТАНА, 13 маусым — Sputnik. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 12 маусымда "Жасаған ісіне өкініп, тәубеге келген жазасын өтеушілер тобына рақымшылық беру туралы" заңға қол қойды, деп хабарлады centralasian.org.

Футбол добы - Sputnik Қазақстан
Әлем
Футболшы Рамазан айында 40 адамның қарызын төлеп, түрмеден шығарып алды
 

Қасиетті Рамазан айына байланысты және Өзбекстан Конституциясының 93-бабы 23-тармағына сәйкес қабылданған жарлық бойынша 226 азаматқа рақымшылық жарияланды. Олар — білместікпен қылмыс жасап, ол ісіне өкінген, таза жолға түскен жазасын өтеушілер.

Рақымшылыққа ілінгендер ішінде 102 адам жазадан толықтай босатылды, 71 адам шартты түрде бостандыққа шығады, 39 адамның жазасы жұмсартылады. Осылайша түзеу мекемесінен 212 адам босап шығады. Бұған қоса 14 адамға берілген жаза мерзімі қысқартылады.

Сонымен бірге рақымшылықпен бостандыққа шыққан 40 адамның жасы алпыстан асқан, 37 шетел азаматы босап шықты. Рақымшылыққа іліккендердің ішінде 37 әйел бар. Тыйым салынған ұйымдардың қызметіне қатысқаны үшін сотталған 51 адам бостандыққа шықты.

Үкімет түрмеден босап шыққандардың туыстары мен жақындарына қосылуына, әлеуметтік ортаға бейімделуіне, еңбекке баулуға, қоғамда өз орнын табуына көмектеседі.


Жаңалықтар
0