Әлем

Футболшы Рамазан айында 40 адамның қарызын төлеп, түрмеден шығарып алды

© Sputnik / Алексей Филиппов / Медиабанкке өтуФутбол добы
Футбол добы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ахмед Муса қайырымдылықпен тұрақты айналысады, көбіне тұрмысы нашар отбасыларға азық-түлік пен қаражат таратады

АСТАНА, 28 мамыр — Sputnik. Ұлыбританиялық "Лестер" футбол клубының нигериялық шабуылшысы Ахмед Муса Кано қаласындағы түрмеде жазасын өтеп жатқан 40 нигериялықты босатты, деп хабарлады prosports.kz сайты. 

Пәтер ұрлығы - Sputnik Қазақстан
Әлем
Әлемге әйгілі футболшы үйіне түскен ұрыға ақша беріп, жұмысқа тұрғызған

Футболшыға кей адамдардың қарызын өтей алмағандықтан түрмеге қамалғаны жайлы хабар жеткен. Соның нәтижесінде ойыншы сотталушылардың қарызын өтеп, кәмелет жасына толмаған төрт баланың айыппұлын төлеп берген.

БАҚ өкілдерінің мәліметінше, Муса Нигерияда бұрыннан қайырымдылықпен айналысады екен. Көбіне ол елдің әр қаласында тұрмысы нашар отбасыларға азық-түлік пен қаражат тарататын.

 


Жаңалықтар
0