Әлем

Әлемге әйгілі футболшы үйіне түскен ұрыға ақша беріп, жұмысқа тұрғызған

© Sputnik / Алексей Филиппов / Медиабанкке өтуПәтер ұрлығы
Пәтер ұрлығы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мұхаммед Салах жас жұбайлардың некеге тұруына көмектесіп, үйлену тойларын өткізуді мойнына алған

АСТАНА, 18 мамыр – Sputnik. Футбол жанкүйерлеріне Мұхаммед Салахтың есімі жақсы таныс. 2017 жылдың қорытындысы бойынша ең үздік араб футболшыларының тізімін жасаған араб елдерінің спорт журналистері "Ливерпуль" мен Мысыр құрама командасының шабуылшысы Мұхаммед Салахты бірінші орынға қойды, деп жазады Алматы ақшамы газеті. 

Ол Африканың да 2017 жылғы үздік футболшысы атанды. Ағылшын премьер-лигасының қазіргі маусымындағы ең үздік "бомбардирі" Мұхаммед Салах Мысыр құрамасының Ресейдегі Әлем чемпионатында ойнауына жол ашты. 25 жастағы жігіттің атақ-даңқы мұнымен шектеліп тұрған жоқ.

Әйел есікті ашып жатыр - Sputnik Қазақстан
Әлем
Кедей отбасынан шыққан атақты боксшы мың адамға пәтер сыйлады

Әлеуметтік желілерде айтылғандай, ол футболда қақпа көздеп жүргенде, кәнігі ұрының бірі оның пәтерін көздеп жүріпті. Үйін үптеп кеткен ұрының үстінен оның әкесі сотқа шағым түсірген. Алайда, Мұхаммед әкесіне айтып, сотқа түсірген шағымды қайтадан кері алдырады. Ал үйіне түскен ұрыға қолұшын беріп, қаржылай көмектесіп, жұмыс табуына көмектеседі. Бұл ғана емес… оның өзгелерге ой салатын басқа да істері көп болып тұр.

Мысыр құрамасын Әлем чемпионатына шығарған М.Салахқа Египеттің беделді бизнесмені  хабарласып, оның отбасына ғажайып вилла сыйлайтынын айтқан. Мұхаммед одан бірден бас тартып, егер жақсылық жасағысы келсе, туған жері Нагрикті дамытуға үлес қосуды өтінеді. Футболшы ол жерде мектеп салып, жан-жақты жабдықталған, төбесі жабық спорт залдарын ашып жатыр. Қомақты қаржысын емханаларға дәрі-дәрмек алуға, жедел жәрдем көліктерін сатып алуға бөлген. Сонымен бірге, жаңа үйленіп жатқан жас жұбайлардың некеге тұруына көмектесіп, үйлену тойларын өткізуді мойнына алып келеді. Бұлар да өз алдына, ол 2017 жылдың соңында экономикасы құлдыраған өз елінің аяғынан тік тұруына қолұшын беріп, шет ел валютасымен қомақты қаржы аударады. Мүгедек болып қалған футболшыларды үнемі демеп отыратын Мұхаммед Салахтың осындай адамгершілік қырларын Ораза айында айтпай кетудің өзі күнә сияқты.

Біздің еліміздегі кейбір қаржылы азаматтар¬дың бар тапқанын шет ел асырып жіберіп жатқанына ішің ашиды. "Қайсыбірін айтайын" демеске лаж жоқ…


Жаңалықтар
0