АСТАНА, 13 маусым — Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында көліктің ескі дөңгелектерінен қара май мен битум өндірілмек. Алынған өнім жол жөндеу жұмыстыры кезінде пайдалынылады, деп хабарлады altaynews.kz.
Мұндай жолмен өнім алу осы жазда Риддер қаласында салынатын қоқыс өңдеу зауытында жүзеге асады. Аталмыш жобаның жалпы құны 200 миллион теңгені құрап отыр. Қоқыс өңдеуге арналған ресейлік құрылғылар сатып алынып, Риддер қаласына әкелініп те қойған. Сараптамадан өткен жоба мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына жіберілді.
"Осы маусым айында құрылысқа рұқсат аламыз деген жоспарымыз бар. Құрылыс жұмыстары осы жазда басталып, келер жылдың басында аяқталуы тиіс", — дейді Риддер қаласының әкімі Жомарт Мұратов.
Шаһарда бой көтеретін қоқыс өңдеу зауыты қара май мен битум өндірумен қатар, тұрмыстық қатты қалдықтардан өзге де өнім алмақ. Ең бастысы зауыт ашылса қалада жаңа жұмыс орындары да пайда болады.