Өңірлер

Павлодар облысына қытайлар зауыт ашуға келді

© РИА Новости / Медиабанкке өтуӨсімдік майын өндіру
Өсімдік майын өндіру - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қытайлық инвестор өсімдік майын шығаратын зауыт салып, жылына 30 мың тонна өнім шығаруды жоспарлап отыр

АСТАНА, 26 сәуір – Sputnik. Павлодар қаласының маңындағы Жетекші кентінде "Гринланд Инвест" ЖШС өсімдік майын шығаратын зауыт салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Бұл туралы бүгін облыстық әкімдікте өткен кеңейтілген отырыста қала әкімі Нұржан Әшімбетов айтты. 

Халық банкі - Sputnik Қазақстан
Экономика
Халық банкі Altyn Bank акциясының 60%-ын қытай инвесторларына сатты

"Қытайлық инвесторлар наурыз айының басында келген, – деді Нұржан Әшімбетов. – Олар тәулігіне 100 тонна өнімді өңдеп, жылына 30 мың тонна өсімдік майын шығаруды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда зауытты жобалау жұмыстары жүргізілуде.  Жабдықтарды жаз мезгілінде жеткізіп, күзде кәсіпорынды іске қосуды көздеп отыр". 

Қала әкімінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, нысанның құрылысы аяқталғаннан кейін тәулігіне 300 тонна күнбағыс, зығыр, рапс және мақсары майлары мен  жылына 30 мың тонна жеуге жарамды өсімдік майы, 45 мың тонна күнжара өндіріледі. 

Жобаның жалпы инвестициялық құны 3 млн АҚШ долларын құрайды. 

Отандық технологиялар мен жабдықтарды қолданудың нәтижесінде нысанның құрылысына жеті ай уақыт кетеді. Павлодар және басқа облыстардан, көршілес Ресей елінен жеткізілетін шикізат – күнбағыс, зығыр, рапс және мақсары  дәндері қолданылады. Кәсіпорынның құрылысына 15-30 адам жұмылдырылады.

Инвестор  "Синьцзян ЦзиньяИ Коммерция ЛЛС" 2014 жылдан бастап, Қазақстаннан ауыл шаруашылығы өнімдерін импорттай бастаған. Қазақстанның көптеген облысында шетел инвестицияларын комиссиялық өңдеуге қатысқан. Елімізде мақсары дәндерін  шеттен әкелу бойынша бірінші орын алады.

 

Жаңалықтар
0