Спорт

Головкиннің өкілі "Канеломен" келіссөз жайлы соңғы жаңалықты хабарлады

© REUTERS / Las Vegas Sun/Steve MarcusСауль "Канело" Альварес пен Геннадий Головкин
Сауль Канело Альварес пен Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оскар де ла Хойя Лас-Вегастағы T-Mobile Arena аренасын 15 қыркүйекке брондап қойғаны белгілі болды

АСТАНА, 12 маусым — Sputnik. K2/GGG Promotions басқарушы директоры Том Леффлер қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварестің екінші жекпе-жегі туралы келіссөздер процесі қалай жүріп жатқанын айтты, деп жазды Sports.kz.

Сауль Канело Альварес - Геннадий Головкин жекпе-жегі - Sputnik Қазақстан
Спорт
IBF белбеуінен айырылған Головкин басқа чемпиондық белбеуге ие болды

"Мен әлі Эрик Гомеспен келіссөз жүргізіп жатырмын, алайда қос боксшысы да өз айтқандарынан қайтпай отыр. Бір шешімге келе аламыз ба, жоқ па, оны уақыт көрсетеді. Бұл жекпе-жекті барлығы көргісі келеді. Мәмілеге жақынбыз ба, жоқ па? Оны айту қиын. Жақындап қалған болуымыз да мүмкін, алайда келісімшартқа қол қойылған жоқ, ештеңе аяқталмады", — деп жауап берді Леффлер Boxingchannel.tv-ға берген сұхбатында.

GGG мен "Канелоның" рематчы 15 қыркүйекте өтеді деп жоспарланған. Бүгін мексикалықтың промоутері Оскар де ла Хойя осы күнге Лас-Вегастағы T-Mobile Arena аренасын брондап қойғаны белгілі болды.  


Жаңалықтар
0