Спорт

IBF белбеуінен айырылған Головкин басқа чемпиондық белбеуге ие болды

© REUTERS / Joe Camporeale-USA TODAY SportsСауль "Канело" Альварес - Геннадий Головкин жекпе-жегі
Сауль Канело Альварес - Геннадий Головкин жекпе-жегі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин көптен күткен чемпиондық белбеуін алды

АСТАНА, 7 маусым — Sputnik.  Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) pound-for-pound (P4P салмақ дәрежесіне қарамай берілетін) чемпиондық белбеуге ие болды, деп жазды Vesti.kz. 

 

 

Қазақстандық боксшы жаңа чемпиондық белбеуін Instagram парақшасына жариялады. Айта кетейік, Головкин The Ring журналының P4P рейтингінде көш бастаған болатын.  

Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Головкин чемпиондық белбеуінен ресми түрде айырылды
Бұған дейін The Ring журналының бас редакторы Дуглас Фишер Головкинге бұл белбеуді 6 маусым күні Hollywood Fight Night бокс кешінде берілетінін айтты. Бұл бокс кешін кешін Том Леффлер басқаратын 360 Promotions компаниясы ұйымдастырады.  

6 маусым күні Головкин орта салмақтағы чемпиондық белбеулерінің бірінен айырылды. Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық боксшыдан өз белбеуін алып қою туралы шешім шығарды. Оның себебі, Головкиннің украиналық Сергей Деревянченкомен 3 тамыз күніне жекпе-жек өткізу үшін қағаз жүзінде келісім бермеуі себеп болған.  

Осылайша орта салмақтағы IBF белбеуі бос қалып отыр. Жуық арада федерация бұл белбеуге таласатын екі боксшыны анықтап, келіссөз ұйымдастырады. Одан бөлек, Головкинге айыппұл да салды. Өйткені ол федерацияның шарттарын орындаған жоқ. Дегенмен де қазақстандық боксшы WBA (Super), WBC және IBO белбеулерінің чемпионы болып қала береді. 


 

Жаңалықтар
0