Өңірлер

Атырауда такси жолаушысын бейіт басында өлтіріп кетті

© Photo : Pixabay / RepublicaЕр адам
Ер адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Күдіктілер басқа қаладан келген жолаушыны таңдап, иен далаға апарып, тонаған

АСТАНА, 9 маусым — Sputnik. Атырау соты такси жолаушысын өлтірді деген күдікпен екі адамды қамауға алуға шешім қабылдады.

Пышақ - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Павлодар облысында жұмыссыз жігіт ерлі-зайыпты зейнеткерлерді аяусыз өлтіріп кеткен

Атырау қаласы №2 сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, күдіктілерге алдын ала сыбайласып, кісі тонап, өлтірген деген айып тағылыпты.

Істің материалы бойынша, 25 мамырда күдіктілер жеке такси қызметін атқарып, жолаушыларды тонауға келіседі. Олар вокзалдан бір клиентті отырғызып, айтқан мекенжайына апарып салуы керек болатын. Алайда қала сыртындағы зираттарға қарай бет алады.

Жолаушы басқа қаладан болғандықтан, қайда апара жатқанын түсінбеген. Күдіктілер жәбірленушіні бейіт басына апарып, таспен ұрып-соғып өлтіреді. Кейін оның сағаты мен әмиянын ұрлап кеткен. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Жаңалықтар
0