Өңірлер

Павлодар облысында жұмыссыз жігіт ерлі-зайыпты зейнеткерлерді аяусыз өлтіріп кеткен

© Sputnik / Табылды КадырбековПышақ
Пышақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Yandex newsTelegram
Кісі өлтіруші күдікті екі тәулік ішінде ұсталды

АСТАНА, 26 ақпан — Sputnik. Баянауыл ауданы Майқайың ауылында ер адам ерлі-зайыпты зейнеткерлерді өлтіріп кеткен, деп хабарлайды Павлодар облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Тұтқындағы адам - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
4800 теңге үшін зейнеткерді өлтірген ер адам сотталды

Полиция ведомствосының мәліметінше, 17 ақпанда таңертең Майқайың ауылының тұрғыны 76 жастағы ер адам мен оның 78 жастағы әйелінің денесін тауып алған. Мәйіттерде зорлық-зомбылық белгісі болыпты. 

Тергеу барысында қылмыстың бірнеше нұсқасы қаралды. Айғақтарды табу үшін тергеушілер қылмыс болған жерді түгелдей қарап, тексеріп шығады.

Жедел іздеу шаралары нәтижесінде күдікті анықталып, ұсталды. Майқайың ауылының 27 жастағы тұрғыны қаза тапқандармен бір көшеде тұрады екен.

Жұмыссыз жігіт зейнеткерлердің қаражаты бар деп ойлап, үйлеріне барады. Табалдырықтан аттаған бойда үй иесі мен оның әйеліне бірнеше мәрте пышақ салған. Үйден ақша мен бағалы заттар таппай, банк карточкаларын алып кетіп қалады.

Полиция қылмыс қаруы – пышақты тауыпты. Тиісті сараптама тағайындалған. Қылмыстық істі тергеу жалғасып жатыр. Күдікті қамауға алынды.

Жаңалықтар
0