Қоғам

Ақпарат министрі "Рухани жаңғыру" логотипі туралы: құстардың бәрі бір-біріне ұқсайды

© Sputnik / Анатолий УстиненкоРухани жанғыру
Рухани жанғыру - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Рухани жаңғыру" логотипін жасауда үлгі ретінде мемлекеттік тудағы қыран құс алынған

АСТАНА, 8 маусым — Sputnik. Плагиат туралы шу шығуына байланысты "Рухани жаңғыру" логотипі өзгертілмейді, деп хабарлады ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев.

Арыстанбек Мұхамедиұлы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Мұхамедиұлы "Рухани Жаңғыру" логотипі туралы: ұялатын ештеңе жоқ

"Шынымды айтсам, жұрттың неге сонша дүрліккенін түсінбеймін. Плагиат болды деген ешқандай шағым немесе айыптау түскен жоқ. Бәріміз білеміз, құстардың бәрі бір-біріне ұқсайды, бәрінің қанаты, тұмсығы бар. "Рухани жаңғыру" логотипі Қазақстан Республикасының мемлекеттік туына қарап жасалғаны көрініп тұр", — деді Абаев "Нұр Отанның" қоғамдық қабылдауынан кейін тілшілерге.

"Рухани жаңғыру" жобасын жүзеге асыруға жобалық кеңсе жауапты екен.

"Жобалық кеңсеге "Рухани жаңғыру" жобасымен айналысатын барлық мемлекеттік органдар кіреді, оның ішінде біздің министрлік те бар. Сол себепті бұл жобаның іске асырылуына бәріміз бірдей жауаптымыз. Бұл жерде кінәліні іздеудің қажеті жоқ. Логотипті өзгертпейміз, өйткені бұл "Рухани жаңғыру" логотипі", — деп ойын түйіндеді министр.

"Рухани жаңғыру" логотипіне қатысты шу мамырда болған еді. Жобаның символы Aigle de Patmos француз компаниясының логотипіне қатты ұқсайды. Қазақстандық министрлер де бұл ұқсастықты мойындады.

Жаңалықтар
0