Қоғам

Мұхамедиұлы "Рухани Жаңғыру" логотипі туралы: ұялатын ештеңе жоқ

© Sputnik / Болат ШайхиновАрыстанбек Мұхамедиұлы
Арыстанбек Мұхамедиұлы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Арыстанбек Мұхамедиұлының айтуынша, логотип дизайнерлерін біреудің идеясын ұрлады деп айыптаудың реті жоқ

АСТАНА, 31 мамыр — Sputnik. Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы "Рухани Жаңғыру" бағдарламасының төсбелгісін мақтанышпен тағып жүр.

"Бұл белгіні мен шын жүректен, мақтанышпен тағып жүрмін. Өте әдемі, тартымды. Меніңше, ұялатын ештеңе жоқ. Эмблема рухты, алға ілгерілеушілікті бейнелейді. Өздеріңіз көріп тұрғандай, екі сурет бір-біріне жүз пайыз ұқсамайды. Өзім қарадым. Ұшқан құста сәл ұқсастық бар, бірақ түстері әртүрлі. Қара аспанды төндіріп, біреуді көшіріп алды деп айыптаудың реті жоқ", — деп пікір білдірді Арыстанбек Мұхамедиұлы Sputnik агенттігіне.

Мұхамедиұлы "отандастарымыздың жоқ жерден кінә тауып, айыптай бастайтын" қасиетін байқаған екен.

Рухани жаңғыру - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Рухани жаңғыру" логотипі плагиат па? Абаев пікір білдірді

"Самал Еслямова қаһарман қыз болды. Біздкілер: "Ресейлік режиссердің арқасында" деп жазады. Сергей Дворцевой қазақ режиссерімін десе де, білгенінше жаза береді. Димаш Құдайберген Қытайда ғана әртіс болып қалыптасты дейді. Димаш Қазақстанда оқып, білім алып жүргенін айтады. Санамызға өзгелер жақсы деген ой сіңіп алған. Тоқтату керек", — дейді министр.

Қазнетте "Рухани Жаңғыру" бағдарламасының логотипі француз ұйымының суретіне қатты ұқсайтыны туралы мәлімет тараған болатын.

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев плагиат жасалды деген пікірмен келіспейді.

Жаңалықтар
0