Қоғам

"Рухани жаңғыру" логотипі плагиат па? Абаев пікір білдірді

© Sputnik / Анатолий УстиненкоРухани жаңғыру
Рухани жаңғыру - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Facebook-те "Рухани жаңғыру" логотипі мен франциялық ұйымның суреті арасында әжептәуір ұқсастық бары талқыланған еді

АСТАНА, 29 мамыр – Sputnik. ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев "Рухани жаңғыру" логотипінің франциялық ұйымның суретімен ұқсастығына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жел - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Оралда дүлей жел талдарды құлатып, "Рухани жаңғыру" деген жазуды қиратты

"Біз қазір мұны қарап, талқылап, сіздерге кейін айтамыз. Иә, шынымен логотипте айтарлықтай ұқсастық бар, бірақ менің ойымша, бұл жерде плагиат туралы сөз болып отырған жоқ. Бұл мәселемен жеке айналысамыз", — деді Абаев үкімет кулуарында. 

Ақпарат министрі суреттердің ұқсастығы ол үшін күтпеген жағдай болғанын айтты.

Бұған дейін Facebook қолданушылары "Рухани жаңғыру" мемлекеттік бағдарламасының қалықтаған бүркіт пішініндегі түрлі түсті логотипін франциялық ұйымның суретімен салыстырып, екеуінің бір-біріне қатты ұқсайтындығын айтып шулаған еді.

Жаңалықтар
0