Өңірлер

Оралда дүлей жел талдарды құлатып, "Рухани жаңғыру" деген жазуды қиратты

CC0 / TanteTati / Жел
Жел - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қалаға кіреберістегі "Орал" деген жазудан екі әріп ұшып кеткен, ғимараттардың шатырына зақым келді

АСТАНА, 28 сәуір — Sputnik. Оралда дүлей желдің салдарынан ғимараттардың шатыры ұшып, талдар құлап жатыр.   

Куәгерлердің айтуынша, желден қалаға кіреберістегі "Орал" деген жазу бүлінген. Қаланың қазіргі атауынан екі әріп – "А" және "Л" ғана қалған.

Қала алаңындағы тағы бір жазу зардап шекті. "Рухани жаңғыру" сөзінің "жаңғыруы" ғана қалыпты. 

Жел сондай-ақ жергілікті дүкен мен қала мектебінің шатырын зақымдады. 


Бұған дейін "Қазгидромет" Батыс Қазақстан облысында дабылды ескерту жариялаған болатын. Синоптиктер 28-29 сәуір күндері өңірде жел секундына 17-22 метрге дейін күшейетінін ескертті, сенбіде бұршақ жауып, найзағай ойнауы мүмкін.   


Жаңалықтар
0