"Менингококк өмірге өте қауіпті, инфекция жұқтырған адам дәрігерге дереу қаралғанның өзінде жиі қаза тауып жатады. Профилактиканың басты әдісі — вакциналау, алайда менингиттің барлық түріне бірдей вакцина жоқ", — деп жазылған видеоға.
Дәрігер Комаровскийдің айтуынша, менингиттің алдын алу үшін бөлмедегі ауаны жиі ауыстырып, міндетті түрде серуендеуге шығу керек, адамдармен қарым-қатынасты шектеп, қолды жуып, мұрын мен тамақты шайып отыру маңызды.
Сонымен қатар, маман жұқпалы аурудың белгілерін тізіп шыққан екен.
Қазақстанда жыл басынан бері менингиттен 13 адам көз жұмды, оның алтауы – 14 жасқа толмаған бала.