Қоғам

Менингококк инфекциясынан қалай сақтануға болады – дәрігерлер кеңесі

© Sputnik / Анатолий УстиненкоАлматыдағы балаларды қорғау күні
Алматыдағы балаларды қорғау күні - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Инфекцияның берілу жолы – ауалы-тамшылы, яғни жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде жұғады

АСТАНА, 4 маусым — Sputnik. ҚР денсаулық сақтау министрлігі менингококк инфекциясының алдын алу және оның алғашқы белгілері жөніндегі жадынамаларды таратты, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

карантин - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Карантин жариялау үшін қанша адам менингитпен ауыруы керек? Біртановтың жауабы

Менингококк инфекциясы – ауруды белгісіз тасымалдаушы, назофарингит (мұрын мен жұтқаншақтың қабынуы), менингит (ми қабықтарының қабынуы) және менингококк сепсисі (қанның зарарлануы) секілді түрлі клиникалық белгілері бар жіті жұқпалы ауру.

Инфекцияның берілу жолы – ауалы-тамшылы, яғни жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде жұғады.

Белгілері: бастың қатты ауруы, шөлдеу, құсу, дене қызуының көтерілуі, қалтырау, бозару, тәбеттің төмендеуі, бөртпе, әлсіздік, арқа және аяқ-қолдардың ауруы.

Аурудың алдын алу үшін мынадай ережелерді сақтаған жөн:

— аурудың алғашқы белгілері (тамақтың қызаруы, дене қызуының көтерілуі, бастың қатты ауыруы, әлсіздік) пайда болған кезде дәрігерге көріну және басқа нұсқауларын орындау;

Вакцина - рекадр - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Біртанов менингит туралы: инфекция бізге бағынбайды

— түрлі мәдени-бұқаралық шараларға қатысуды, жүзу бассейндеріне баруды, ойын алаңдарына баруды шектеу, жеке тазалықты сақтау;

— ғимараттарды жиі желдетіп, күн сайын ылғалды тазалау жұмыстарын жүргізу;

— созылмалы инфекция ошақтары ЛОР ағзаларын тазалау;

— тек қайнаған немесе бөтелкедегі суды ішу;

— тоңудан, ашығудан, ұйқының қанбауынан, күйзелістен аулақ болу.


Жаңалықтар
0