Өңірлер

Назарбаевқа қазақтың санын көбейтетінін айтқан орыс қызы уәдесінде тұрды

© Sputnik / Анатолий УстиненкоҚыздың архивтегі суреті
Қыздың архивтегі суреті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Юлия Дробязко осыдан бірнеше жыл бұрын Елбасыға қазақ отбасына келін болатынын айтып, өз уәдесін берген. Бүгінде орыс қызы қоңырат елінің үлгілі келіні атанып отыр

АСТАНА, 1 маусым — Sputnik. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев өңірдегі өзге ұлт өкілдерімен кездесті. Жиында Елбасының бес әлеуметтік бастамасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар пысықталып, алдағы мақсаттар айқындалды, деп хабарлады ТВК арнасы. 

Айка фильмінің тұсаукесері - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Қазақ қызы түскен "Айка" фильмі прокатқа күзде шығады

Қазақстан халқы ассамблеясының 21-сессиясында өңірдегі барлық ұлт өкілдері бас қосты. Келген қауым жасап жатқан еңбектерінің нәтижесін айқындайтын айрықша көрмені ұсынды. Көрмені мұқият аралап шыққан өңір басшысы оңтүстікте тұратын этнос өкілдеріне өз алғысын білдіріп, бірлік пен татулық тіледі.

"Қазақстан жерінің ерекшелігіне байланысты елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы ассмбеясын құрды. Жалпы осындай құрылым дүниежүзінде жоқ деп айтуға болады. Соңғы әсіресе 7-8 жылда Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері бүкіл дүниежүзін аралап, мемлекеттерде осы тәжірибесін дамытуда", — деді Жансейіт Түймебаев

Осыдан бірнеше жыл бұрын оңтүстіктегі Елбасымен өткен кездесуде Юлия Дробязко көпшіліктің назарына ерекше іліккен еді. Шымкенттік ару Қазақстан президентіне сол кезде қазақ отбасына келін болатынын айтып, өз уәдесін берген. Бүгінде орыс қызы қоңырат елінің үлгілі келіні атанып отыр.

Қазақ әнін орындайтын жапон әншісі Мичида Риокко - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Қазақ әнін орындайтын жапон әншісі Астанаға келді

"2005 жылы президенттің алдында қазақтардың санын көбейтемін, қазақтың келіні боламын деп сөз бергенмін, уәдемді орындадым. 2014 жылы қазақ еліне келін болып түстім. Сол уақыттан бері барлық салт-дәстүрді тереңінен үйрендім. Үй-ішімізбен тек қана қазақ тілінде сөйлесеміз. Жолдасым қазақ, балаларым қазақ дегендей", — дейді Юлия Дробязко.  

Ресми ақпараттарға сүйенсек, әлемде 250-ге жуық ұлт бар. Соның 130-дан астамы елімізде қоныстанған. Ал, Оңтүстік Қазақстан облысы республика бойынша ең көпұлтты өңір саналады.


Жаңалықтар
0