Өңірлер

Өскемен әкімі қызметіне толық сай емес деп танылды

© Sputnik / Екатерина Штукина / Медиабанкке өтуПортфелдің архивтегі фотосы
Портфелдің архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әдеп комиссиясы бүгін Қуат Тұмабаевқа қатысты шешім шығарды

АСТАНА, 31 мамыр — Sputnik.  Мемлекеттік қызмет істері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі ШҚО бойынша департаментінің Əдеп кеңесінде Риддер қаласы əкімінің орынбасары Бауыржан Құрманбаевты қызметінен босату, Өскемен қаласы əкімі Қуат Тұмабаевқа қызметіне толық сай емес деген ескерту беру туралы шешім шығарылды, деп хабарлайды Алтайньюс. 

Жүргізуші рөлде темекі тартып келе жатыр, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Шығыс Қазақстанда әкімнің орынбасары 19 жастағы жігітті қағып өлтірді

Аталған іске қатысы бар екі шенеунік те "Әдеп коммисиясына қатыса алмаймыз, кеңес біздің қатысуымызсыз өтсін" деген сыңайдағы өтініш түсірген. Мұндай өтініш түсіруге шенеуніктердің толық  құқықтары бар көрінеді. Қала әкімі Қуат Тұмабаев мұның себебін бүгін Астана қаласына іссапарға кетуімен түсіндірген.

Әдеп кеңеңсінің 5,7 пунктіне сәйкес, Өскемен қаласының әкімі моральдық этикалық тұрғыдан  қызметіне толық сай емес деп танылды. Осыған сәйкес Қуат Тұмабаевқа  ескерту берілді.

Естеріңізге сала кетейік, 15 сәуір күні күні кешкі сағат 9 шамасында Риддер қаласында 1999 жылғы азаматты көлік қағып, ол жедел жәрдем келмей тұрып, оқиға орнында қаза тапқан болатын. Ал шетелдік автокөлік жүргізушісі Риддер қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Құрманбаев болып шыққан. Тексеру жұмыстары оның көлікті мас күйінде тізгіндегенін көрсеткен. Кейін оның жанында Өскемен қаласының әкімі Қуат Тұмабаев болғаны анықталды.


Жаңалықтар
0