Қоғам

Астанада автобус жолақысы қымбаттай ма?

© Sputnik / Виталий Белоусов / Медиабанкке өтуҚоғамдық көлік
Қоғамдық көлік - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Astana LRT жолақысының қымбаттауына қатысты пікір білдірді

АСТАНА, 31 мамыр — Sputnik. Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде тарап кеткен "2018 жылдың 1 маусымынан бастап қоғамдық көліктерде жолақысы 200 теңге болады" деген ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлады Astana LRT.

Автобус - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астана әкімі автобус жолақысы туралы ұсынысқа қатысты пікір білдірді

"2018 жылдың 30 мамырында әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қолданушылар 2018 жылдың 1 маусымынан бастап қоғамдық көліктің жолақысы қымбаттайды деген ақпаратты жаппай тарата бастады. Бұл мәлімет жалған, шындыққа жанаспайды. Хабарламаны кім таратқаны анықталған жоқ", — деп пікір білдірді компанияның баспасөз хатшысы Науат Азанбаева.

Тарифтерді өзгерту шешімін қала билігі қабылдайды. Процеске біршама уақыт кетеді. Жаңа тарифтер бекітілер болса, Астана тұрғындары мен қонақтары БАҚ арқылы және ресми дереккөздерден біле алады.

"Әзірше жолақы тарифтері бұрынғыдай: қалалық бағдарлар үшін – 90 теңге және экспресс-бағдарларда – 150 теңге", — деп атап өтті компания.

Жаңалықтар
0