Қоғам

Астана әкімі автобус жолақысы туралы ұсынысқа қатысты пікір білдірді

© Sputnik / Болат ШайхиновАвтобус
Автобус - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Исекешев елордалықтардың алаңдауына еш негіз жоқ екенін атап өтті

АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. Елорда әкімі Әсет Исекешев әр пәтерден ақша жинап, тұрғындардың қоғамдық көлікте тегін жүруіне мүмкіндік жасау туралы "Астана LRT" компаниясының ұсынысына байланысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Elorda.info.

автобус - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астана әкімдігі жолақыны коммуналдық төлемге қосуға қатысты түсініктеме берді

"Әр пәтерден 3857,3 теңге жинап, тұрғындардың қоғамдық көлікте тегін жүруіне мүмкіндік жасау, бір жағынан пайдаланбаған қызметке ақы төлетуге итермелеуі мүмкін. Сондықтан бастаманы осы күйінде қабылдауға болмайды. Бұл "Астана LRT" компаниясының партиялық тыңдауда айтқан ұсынысы ғана. Өзге де идеялар мен ұсыныс-пікірлер сарапталып жатыр. Әзірге нақты шешім қабылданған жоқ. Сондықтан астаналықтардың алаңдауына негіз жоқ", — деді Әсет Исекешев.

Қала басшысының айтуынша қазіргі уақытта Астананың көліктік кешенін дамыту моделінің алғашқы кезеңі басталды. Арнайы жұмыс тобы мәселені шешудің түрлі жолдарын қарастыратын болады. Барлық сараптамалар жүргізілгеннен кейін ұсыныс әкімдің қарауына түседі.

Жаңалықтар
0