Қоғам

Астана әкімдігі жолақыны коммуналдық төлемге қосуға қатысты түсініктеме берді

© Sputnik / Болат Шайхиновавтобус
автобус - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елордада қоғамдық көліктерде жүру ақысын төлеудің жаңа жүйесін енгізу ұсынылды

АСТАНА, 2 қазан — Sputnik.  Қалалық әкімдік өкілдері автобустарда жүру төлемін коммуналдық қызмет есебіне енгізу ұсынысына қатысты түсініктеме білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Автобус салоны - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада автобуспен жүру ақысы үшін 3800 теңгеден алу ұсынылды

"Нұр Отан" партиясы қалалық филиалында елорданың көлік жүйесін модернизациялау бойынша өткен тыңдау барысында "Астана LRT" кәсіпорны BUS/км жүйесін таныстырған болатын. Бұл жүйе бойынша жолақы төлемін Астана ЕРЦ-дан келетін коммуналдық қызмет есебіне қосу ұсынылып отыр. Тұрғын санына байланыссыз әр пәтерден 3800 теңге төлем белгіленген. Ал арнайы жеңілдіктері бар адамдар бұл төлемнен босатылады. Жобаны ұсынушылардың айтуынша, автобуспен жүрмейтін елордалық жүргізушілер болса, қала көшелерінде ақылы тұрақтарды төлеу мүмкіндігіне ие болады.

"3800 теңге қайдан шықты? Әр пәтердің саны ЕРЦ бойынша белгілі.  Қазірде қоғамдық көлікте жолаушылардан түсіп жатқан түсім бар ғой. Соның бәрін қосқанда, пәтерлердің санына бөлгенде осындай сома шығып отыр. Қоғамдық көлік заңнама бойынша субсидиялануы керек.  Бірақ бүгінде ол толық мөлшерде төленіп отырған жоқ. Сондықтан қоғамдық көліктің дамуы ақсап отырғаны бар. Сол субсидияны бюджеттен алған күннің өзінде бір жерде азайту керек болады ғой. Бұл бастама көпшілік қарауына ұсынылды. Көпшілік қалай қабылдайды, соған байланысты шешім қабылданады", — деді орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында "Астана LRT"  ЖШС менеджері Әбдіхамит Тамабаев. 

Қалалық әкімдік өкілдерінің айтуынша, бұл бастама тұрғындармен бірге талқыланады. Тек оның тиімділігіне көз жеткізген жағдайда ғана қабылданбақ. 

"Жыл соңына дейін нақты анықталады. 3800 болмаса 4000 теңге  — бұл тек шартты сандар.. Бұл жүйе нақты осы түрінде қабылданады деген сөз емес. Қоғамның пікірін білу үшін айтылды. Біраз ұсыныстар, сын да айтылып жатыр, соның бәрі талқыланады. Әлі айтуға ерте. Шешім қабылданған жоқ. Егер бұл модель өзін ақтамайды деген шешімге келсек, ол қабылданбайды.  Бұл әзірге құжат да емес, жай ғана  концепция", — деді өз кезегінде Астана қаласы жолаушылар тасымалы басқармасының басшысы Бекмырза Егенбердинов.

Жаңалықтар
0