Мәдениет

Димаштың шетелдік фанаттары Қазақстан қалаларын аралайды

Жазылу
"Kazakh Tourism" компаниясы "Димаштың отаны" атты арнайы тур бастады

АСТАНА, 30 мамыр – Sputnik. Қазақстанда танымал жас әнші Димаш Құдайбергеннің фанаттары үшін "Димаштың отаны" атты арнайы тур ұйымдастырылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі "Kazakh Tourism" ҰК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Димаш Құдайберген - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Димаш Құдайбергеннің алғашқы бейнебаяны жарық көрді

7 күнге созылатын алғашқы тур 31 мамырдан бастап 6 маусымға дейін жалғасады. Бұл турға Қытай, АҚШ, Германия, Франция, Малайзия, Жапония, Индонезия, Ресей, Украина және Қазақстаннан Димаштың өнеріне табынатын топтардың жетекшілері қатысады. 

"Димаштың отаны" атты арнайы турға ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының тапсырмасына сәйкес "Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы мұрындық болып отыр. Игі бастаманы "Скат" әуе компаниясы, Ақтөбе облысының әкімдігі, Emoji Park Aktobe, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларының туроператорлары да қолдады. 

"10 елден келетін фан топтардың жетекшілеріне арналған алғашқы турды ұйымдастыруға отандық туроператорлар белсенді атсалысып жатыр. Жалпы алғанда әртүрлі елдерде Димаштың фан топтарының құрамына 5 миллионнан астам адам кіреді. Димаштың танымалдылығы мен әлемнің түкпір-түкпіріндегі тыңдармандарының саны күннен-күнге өсіп келе жатқанын ескерсек, бұл турдың келешегі зор деп санаймыз", — деді  "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Рашид Күзембаев. 

Арнайы тур аясында Димаштың фанаттары Қазақстанның үш қаласын –Ақтөбе, Астана және Алматыны аралайды.

Димаш Кұдайберген - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Димаш Құдайберген Канн кинофестиваліндегі қызыл кілемде түскен суретін жариялады

Ақтөбеден басталатын алғашқы турда Димаштың өнеріне табынушылар әнші оқыған орта және музыкалық мектептерге барады. Тур барысында жайлы әншінің сынып жетекшісі Димаштың мектептегі жетістіктері туралы айтып береді. Оған қоса, фанаттардың әншінің жақындарымен кездесуі, Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген қайраткері, Димаштың оқытушысы Марат Айтимовпен шеберлік сағаты жоспарланған. 

Тур аясындағы басты іс-шара – Димаштың ата-анасы Ақтөбеде 1-2 маусым аралығында өткізетін "Бақытты бала" балалардың вокалдық фестивалі болмақ. Байқау аясында Димаш Құдайберген, Данелия Төлешова және тағы басқа жұлдыздар өнер көрсетеді. 

Ал 3 маусымда фанаттар Астанаға ат басын тірейді. Шетелдік қонақтар  елорданың көрікті жерлерін аралайды,  "Шафран" дәмханасында фанаттар мен Димаштың достарының кездесуі өтеді.

Димаш Құдайберген - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Димаш Құдайберген шетелдік жұлдыздармен бірге концерт өткізеді

Алматыда әншінің шетелдік тыңдармандары Музыкалық аспаптар мұражайымен, сондай-ақ Әміре Қашаубаев, Дина Нұрпейісова, Күләш Байсейітова, Әлібек Дінішев секілді атақты әнші-күйшілердің шығармашылығымен танысу мүмкіндігіне ие болады. 

Сонымен қатар, Алматыдағы 3-күндік бағдарламада қала бойынша танымдық экскурсияға шығу, "Медеу" мұз айдынына, "Шымбұлақ" шаңғы кешеніне  және "Гунны" этноауылына бару көзделген. 

Келешекте отандық туроператорлар Димаштың әлем елдеріндегі фанаттары үшін осындай турларды тұрақты түрде өткізіп тұрмақ.

Жаңалықтар
0