АСТАНА, 10 мамыр – Sputnik. Белгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген әлеуметтік желідегі парақшасында Канн кинофестивалінде қызыл кілем үстінде түскен суретін жариялады.
"Бүгінгі Канн фестиваліндегі қызыл кілемнен көрініс. Менің образдарымды дайындаған Сяоко жане Чи мырзаға рахмет!", — деп жазған Димаш.
71-ші Канн кинофестивалі Францияда 8-19 мамыр аралығында өтіп жатыр. Бұл өнер додасына "Қазақстанның ұлттық павильоны" екінші жыл қатарынан қатыспақ. Кинофестивальде биыл жұртшылық назарына бес фильм ұсынылады.