Қоғам

Мекенжай бойынша тіркелуге қажетті құжаттар тізімі қысқарды

© Sputnik / Болат ШайхиновУақытша тіркелу
Уақытша тіркелу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Енді мекенжай бойынша тіркелген кезде баспананың құқық белгілеуші құжаттары мен тіркелу үшін мемлекеттік баж төлегені туралы түбіртек көрсетудің қажеті жоқ

АСТАНА, 30 мамыр — Sputnik. Қазақстанда мекенжай бойынша тіркелу үшін бірқатар құжаттар енді қажет емес, деп хабарлады ішкі істер министрлігі ресми өкілі Алмас Сәдубаев.

Интернет - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстанда онлайнда уақытша тіркелу қолжетімді болды

Үкіметтің қаулысына сәйкес мекенжай бойынша уақытша тіркелу тәртібі мен шарттары жеңілдетіледі. Мүлік иесіне оның баспанасында тіркелген азаматтар тізімі берілген мекенжай анықтамасының формасы бекітіледі.

Енді мекенжай бойынша тіркелген кезде баспананың құқық белгілеуші құжаттары мен тіркелу үшін мемлекеттік баж төлегені туралы түбіртек көрсетудің қажеті жоқ.

Анықтама ХҚКО-да немесе "электронды үкімет порталында" тегін беріледі.

Жаңалықтар
0