Қоғам

Астана әкімі жауапсыз мердігер компанияны сотқа беруді тапсырды

© Sputnik / Болат ШайхиновЖол жөндеу, архивтегі фото
Жол жөндеу, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жол салумен айналысатын мердігер ұйым келісімшарттағы міндетін атқармағандықтан құрылыс жұмыстары созылып кеткен

АСТАНА, 27 мая — Sputnik. Астана әкімі Әсет Исекешев қаланы аралау барысында Сарайшық көшесіндегі құрылыс қарқынын тексерді. Көшенің ұзындығы 3 км, ал жол төсемі 8 жолақты болмақ, деп хабарлады әкімдіктің ресми сайты.  

Жаяу жүргіншілер жолы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Исекешев Астана тұрғындарынан кешірім сұрады

Сарайшық көшесінің құрылысы Ш. Бейсекова көшесінен Тұран даңғылына дейін, әрі қарай Сығанақ көшесі мен Қорғалжын тас жолы бағытына параллель жатқан шағын айналмалы жолдағы ішкі магистралдегі көлік ағыны жүктемесін жеңілдетуге бағытталып отыр. Бірінші кезекте бұл Тұран даңғылындағы жүктемені 50% дейін жеңілдетеді. Әсет Исекешев жолды осы жылдың 1 шілдесіне дейін пайдалануға беруді тапсырды. 

Әкім сондай-ақ Жангелдин көшесінің Бейсекова мен Күмісбековке дейінгі құрылыс учаскесін тексерді. Сол жерде транспорт және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының басшысы Асхат Қарағойшин мердігер ұйым келісімшарттағы міндетін атқармағандықтан құрылыс жұмыстары созылып кеткенін айтты. 

Объектіні қарап шыққан Әсет Исекешев келісімшартты бұзып, мердігер ұйымды сотқа беруді тапсырды.

"Біз үнемі Астананы өмір сүруге ыңғайлы қалаға айналдыруды айтып келе жатырмыз. Тұрғындарға қолайлы ортаны жасау жол салушылардың жұмысына да байланысты. Осымен екінші жыл қатарынан жұмысты аяқтай алмай келе жатырсыздар. Ал бұл ауданда 15000 адам тұрады! Кім орындап шыға алмайды, Астанада жұмыс істемей-ақ қойсын. Мұндай мердігерлермен келісімшартты бұзу керек. Шара қолдануды тапсырамын!", – деп мәлімдеді әкім. 

Жол жөндеу - Sputnik Қазақстан
Экономика
Қасымбек өңірлердегі жолдар үшін қосымша ақша сұрады

Қаланы аралауда әкімге ҚМДБ (Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы), Корея Республикасы, Малайзия, ҚХР елшілігінің ғимараттары орналасқан Қарасаз, Обаған, Арғанаты көшелерінің құрылыс мерзімі де кідіріп жатқаны айтылды. Мердігердің айтуынша, жұмыстың кешіктірілуіне жобаның техникалық шартына өзгеріс енгізілуі себеп болған көрінеді.

Астана әкімі мұндай мәселелер мен ауа райының күрт өзгерістері көшені пайдалануға берудің кестесін кешіктіруге себеп еместігін қадап айтты. Әсет Исекешев аталмыш көшедегі құрылыс бірінші қыркүйекке дейін бітуі тиіс екенін, олай болмаған жағдайда өз міндетін атқармаған компаниямен келісімшартты бұзатынын ескертті.

Сонымен қатар, жыл соңына дейін Беларусь пен Өзбекстан Республикалары елшілігі маңайындағы көшелерден өтетін жолды аяқтауды тапсырды.

Жол - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Енді қазақстандықтар жолдың дұрыс жөнделмей жатқанына шағымдана алады

Әрі қарай Астана әкімі Мәңгілік ел даңғылын аралады. Достық пен Қонаев көшелерінің арасындағы учаскені көріп шығып, әрмен қарай оны кеңейтіп, абаттандыру керек екенін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылы Астанада қашықтығы 20,8 киллометр 22 жаңа көше салынады және қашықтығы 61,15 киллометр 91 көше жөндеуден өтеді. Сондай-ақ, Өндіріс, Юго-Восток, Ильинка тұрғын алаптарында да көшелер күрделі жөндеуден өткізілмек.    


Жаңалықтар
0