Қоғам

Исекешев Астана тұрғындарынан кешірім сұрады

© Sputnik / Евгения Новоженина / Медиабанкке өтуЖаяу жүргіншілер жолы
Жаяу жүргіншілер жолы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елорда әкімі жаяу жүргіншілер өткелі неге күндіз боялғанын түсіндірді

АСТАНА, 12 мамыр – Sputnik. Астана әкімі Әсет Исекешев жаяу жүргіншілер өткелінің күндіз боялуы салдарынан кептелістің туындауына шағымданған елорда тұрғынына жауап берді.

Батут - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Исекешев жел ұшырған батутқа қатысты: кінәлілер жазасын алады

"Астана — Что? Где? Когда?" Facebook қауымдастығында қоланушылардың бірі жұмысшылардың күндіз жаяу жүргіншілер өткелін бояп жатқаны түсірілген суретті жариялады.

"Құрметті Астана қаласы әкімдігі. Айтыңыздаршы! Мұндай жұмыстарды Алматыдағыдай түнде істеуге болмай ма? Онсыз да кептеліс көп күндізгі уақытта істеу керек пе?", — деп жазды ашулы қолданушы.

Ер адамның шағымына қала әкімі назар аударып, жол белгілерін салу жұмыстары ауа райы жағдайына байланысты кеш жүргізіліп жатқанын түсіндірді.

"Бұл жұмысты сапалы жүргізу үшін ауа температурасы +15 градус болуы керек. Күн жылынған соң, күндіз де түнде де жұмыс істейтін боламыз. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Мұнымен қатар жол жөндеу жұмыстары да басталады", — деп жауап берді Исекешев.

Жаңалықтар
0