Қоғам

Өмірзақ Шөкеев шаршағанда қалай демалатынын айтты

Бірінші вице-премьер Өмірзақ Шөкеев
Бірінші вице-премьер Өмірзақ Шөкеев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Саясаткердің айтуынша, жұмыс пен бос уақыт арасында теңгерім таба білу қажет

АСТАНА, 28 мамыр — Sputnik. ҚР премьер-министрінің орынбасары және ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев журналистерге бос уақытында немен айналысатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жұмбақтас - Sputnik Қазақстан
Қоғам
ҚТЖ жұмысшылар мен олардың отбасына демалуға 10 мың жолдама әпермек

"Сіздің саксофонда ойнайтыныңызды білеміз. Шаршаған кезде тағы қалай уақыт өткізесіз?", — деп сұрады журналистер Шөкеевтен парламент кулуарында. 

Министр кез келген адам өзін-өзі дамытып қана қоймай, денсаулығын күтуді де естен шығармағаны абзал екенін айтты. 

"Қазір әр адам өзін түрлі салада дамытып, жан-жақ қырынан көрінгісі келеді. Көп оқып, барлығынан хабардар болып жүруің керек. Бір жағынан, денсаулықты да ұмытпаған жөн, спортпен шұғылдану қажет. Мен де басқалары сияқты дене шынықтырумен айналысамын, кей кезде бос уақытымда саксофонда ойнаймын", — деді вице-премьер.


Жаңалықтар
0