Қоғам

ҚТЖ жұмысшылар мен олардың отбасына демалуға 10 мың жолдама әпермек

Жазылу
Ұжымдық келісім бойынша, қызметкерлерге сауықтыру орталықтарына жеңілдікпен жолдама берілуі тиіс

АСТАНА, 26 мамыр — Sputnik. "Қазақстан Темір Жолы" компаниясының он мыңдай жұмысшысы отандық санаторийлерде демалатын болды. Компания қол астындағы қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне жолдама алып бермек.

ҚТЖ-ның үздік қызметкерлері - Sputnik Қазақстан
Қоғам
ҚТЖ-ның "темір" ханымдары: 10 үздік қызметкер анықталды
 

"Бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 36%-ға көп. Еңбек ұжымы мен компания арасында жасалған 2018-2020 жылдардағы ұжымдық келісімге сәйкес, жолдамалар жеңілдіктермен беріледі. Жұмысшы жолдама бағасының 10-30%-н ғана төлейді", — деп мәлімет берді адами ресурстарды басқару департаментінің бас менеджері Ақмарал Байғабылова.

Жұмысшылардың емделуі мен демалуына ерекше мән беріледі. Өйткені олардың жұмыс жағдайы оңай емес, психологиялық қысымға да ұшырайды.

Жаңалықтар
0