Қоғам

ҚТЖ-ның "темір" ханымдары: 10 үздік қызметкер анықталды

© Photo : пресс-служба АО "НК "Қазақстан темір жолы"ҚТЖ-ның үздік қызметкерлері
ҚТЖ-ның үздік қызметкерлері - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Теміржол қызметкерлерінің бірі кішкентай сәбиді өлім аузынан алып қалған

АСТАНА, 7 наурыз — Sputnik. 2017 жылы "ҚТЖ" ҰК" АҚ он үздік әйел қызметкері "Құрметті теміржолшы" атағын алды, деп хабарлайды ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

"Теміржол құрылған кезде бастапқыда ерлердің мамандығы саналатын. Алайда, теміржол көлігіндегі мамандықтарға соңғы жылдары әйел адамдар көптеп келе бастады. Бұдан сала ұтылып отырған жоқ. Себебі әйелдер кәсіби білікті маман ғана емес, жауапкершілігі жоғары лауазым иелері атанып жатыр", — делінген хабарламада.

Қазіргі таңда "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-да 34 мың әйел еңбек етеді. Олардың 2700-і басшылық қызметтер атқарады екен.

Нұрлан Нығматулин - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Нұрлан Нығматулин әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады

"Теміржол саласында отыз жылдан бері қызмет ететін Зейнеш Баймағамбетова тоғыз жылдан бері Арқалық станциясын басқарады. Алтынкөл станциясы бастығының Логистика жөніндегі орынбасары болып Нұрбикеш Маусымбекова қызмет атқарады. Фариза Қазжанова аса маңызды саланың жетекшісі. Ол "ҚТЖ-Жүк тасымалы" АҚ – Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің қозғалыс қауіпсіздігі қызметінің басшысы болып қызмет етеді", — деп компания бірқатар қызметкерлерін атап өтті.

Жылма-жыл теміржол саласының үздіктері мемлекеттік және салалық марапаттауларға ие болады. Мәселен, 2017 жылы ерекшеленгендер "Ерен еңбегі үшін", "Адал еңбегі үшін" кеуде белгілерімен марапатталды.

Өткен жылы он әйел "Құрметті теміржолшы" атағына ие болды. Олардың қатарында пойызда 9 айлық баланы өлімнен құтқарып қалған жолаушылар пойызының жолсерігі Алтынай Рамбаева да бар.

© Photo : ҚТЖ баспасөз қызметіҚТЖ-ның үздік қызметкерлері
ҚТЖ-ның үздік қызметкерлері - Sputnik Қазақстан
ҚТЖ-ның үздік қызметкерлері

Әйел аналар саланың озығы атанып қана қоймай, отбасының ұйытқысы ретінде де басқаларға үлгі өнеге көрсетіп келеді.

Жаңалықтар
0