Өңірлер

Ақтөбеде орталық базар саудагерлері көшені жауып тастады – видео

Жазылу
Ақтөбеде орталық базардың жүздеген саудагері көшені жауып тастап, жергілікті биліктің шешіміне қарсы шықты

Бұған дейін төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері базарды тексеру кезінде 32 өрт қауіпсіздігін бұзу дерегін анықтаған. Белгілі болғандай, базардағы эвакуациялық есіктердің алды жабық тұр, ғимаратқа арнайы өрт техникасы кіре алмайды және өрт дабылы жұмыс істемейтін болып шықты.

Түрме - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Тараз түрмесінде отырған қырғыз азаматы аузын тігіп тастады
    

Заң бұзушылықты жою үшін базар әкімшілігі, ең алдымен, эвакуациялық есіктердің алдын дүңгіршектерден босатуы қажет. Бұл дүкендерді жалдаушылар шешімге қарсылық білдірді.   

Ақтөбе әкімі Ілияс Испанов "Біздің кредитіміз, кішкентай бала-шағамыз бар" деп айқайлаған саудагерлерді тыныштандырмақ болды.  

"Саудагерлер арасында бірнеше күннің ішінде базарды жауып, өрт сөндірушілер өтетін жолды босатады екен деген жалған ақпарат тарап кетті. Бұл ақпарат базар шегінен тысқары жұмыс істеп жатқан азаматтарды абыржытты", — деп түсініктеме берді Ақтөбе әкімдігінің баспасөз қызметі.  

Sputnik Қазақстанға ТЖД мамандары түсіндіргендей, заңбұзушылық 26 маусымға дейін жойылуы тиіс.  

Кейінірек наразы топ жағдайды билікпен бірге қала әкімдігінде талқылады.  

Құрылған жұмыс тобы мәселені зерделеп, биылғы жылдың 26 маусымына дейін шешім қабылдауы тиіс.  


Жаңалықтар
0