Өңірлер

Тараз түрмесінде отырған қырғыз азаматы аузын тігіп тастады

© Sputnik / Табылды Кадырбеков / Медиабанкке өтуТүрме
Түрме - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қырғызстан жазасын өтеп жатқан ер адамды отанына экстрадициялау мәселесін қарастырып жатыр

АСТАНА, 3 наурыз — Sputnik. Таразда түрмеде отырған Қырғызстан азаматы аштық жариялап, аузын тігіп тастады.

III топ мүгедегі Қырғыз Республикасының омбудсмен институтына арыз жазған.

"Оған себеп, Э. Тентемишевтің өзі хабарлағандай, 158/4 мекемесі басшылығының ұлтына байланысты кемсітушілік танытуы болып отыр", — делінген хабарламада. 

Омбудсмен Кубат Оторбаев Қазақстандағы адам құқығы бойынша уәкіл Асқар Шәкіровтен қырғызстандықтың құқығын қорғауға жәрдем беруді сұрады.

© Photo : Қырғыз Республикасы омбудсменінің сайтыТүрмеде жазасын өтеп жүрген Э. Тентемишев наразылық ретінде аузын тігіп тастады
Түрмеде жазасын өтеп жүрген Э. Тентемишев наразылық ретінде аузын тігіп тастады - Sputnik Қазақстан
Түрмеде жазасын өтеп жүрген Э. Тентемишев наразылық ретінде аузын тігіп тастады

"Иә, бізге мұндай хат келді. Ұлттық превентивті механизм деген институт бар. Жуырда арнайы топ түрмеге барып қайтады. Егер деректер расталатын болса, материал Қазақстанның бас прокуратурасына жіберіледі", — деп мәлімет берді ҚР институты Sputnik Қазақстанға.

Қырғыз Республикасы омбудсменінің сайты берген мәлімет бойынша, Қырғызстанның бас прокуратурасы мен сыртқы істер министрлігіне Тентемишевті отанына экстрадициялау мүмкіндігі туралы хат жолданыпты. 


Жаңалықтар
0