Қоғам

Дүрлігудің қажеті жоқ: Цой менингит індетінің таралуына қатысты түсініктеме берді

© Photo : Служба центральных коммуникацийДенсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой
Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жыл басынан бері республикада үш адам менингиттен көз жұмды

АСТАНА, 22 мамыр – Sputnik. Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой "елде менингит індеті" тарап жатыр деген қауесетті жоққа шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

жедел жәрдем көлігі - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Талдықорған балабақшасындағы қайғылы оқиғаға қатысты жаңа дерек шықты

"Індет таралып жатқан жоқ. Егер сәйкес кезеңдерді салыстырсақ, дүрлігудің қажеті жоқ. Әр үш жыл сайын қайталанады. Өздеріңіз көріп отырсыздар, күннің суығы ұзаққа созылып кетті, адамдар жылыға дайындала бастағанда, ауа райы күрт бұзылады. Осы процестердің бәрі аурудың асқынуына әкеп соғады", — деді вице-министр.

Сондай-ақ, ол Алматыдан келетін пойыз және ұшақ жолаушылары тексерістен өтеді деген ақпаратты жоққа шығарды. 

"Мұндай жоқ. Бізде ұйымдасқан ұжымдарда әр жерде қосымша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Білім беру ұйымдарында медициналық қызметкерлер оқушылардың денсаулығын бақылайды", — деді ол.

Айта кетсек, Алматыда жыл басынан бері менингит ауруынан 3 адам көз жұмды. Олардың біреуі 5 жасар бала.

Жаңалықтар
0