Экономика

Шілдеден бастап зейнетақы көбейеді. Қалайша?

© Sputnik / Болат ШайхиновАқша
Ақша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Енді базалық зейнетақының мөлшері еңбек өтiлiне байланысты болады

АСТАНА, 22 мамыр – Sputnik. Осы жылдың бірінші шілдесінен бастап зейнеткерлердің зейнетақысы көбейеді. Себебі, базалық зейнетақы қайтадан есептеліп, жаңаша форматпен тағайындалады. Бұл өзгеріс зейнетақы алатындарға да, болашақ зейнеткерлерге де қатысты. Зейнетақы жүйесіне қатысты өзгеріс пен көптің көкейіндегі бірқатар сауалдың жауабын білу үшін "Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу" орталығы ОҚО филиалы директорының орынбасары Несібелі Қаражановамен әңгімелестік, деп жазды Оtyrar.kz.

Тұрғын үй - Sputnik Қазақстан
Экономика
Баспана алу үшін зейнетақы қаржысын пайдалануға бола ма? Ақышев жауап берді

Базалық зейнетақы дегеніміз не?

Әңгімесін "1 шілдеден бастап барша зейнеткерге бірдей төленіп келген базалық зейнетақы көлеміне айтулы өзгерістер енеді. Енді базалық зейнетақының мөлшері еңбек өтiлiне байланысты болады" деп бастаған маман сөзінен білгеніміз: Базалық зейнетақы — Елбасының 2005 жылдағы Жолдауы негізінде зейнеткерлікке шыққан азаматтар мен зейнет жасына жеткен мүгедектерге тағайындалады. Бүгінгі таңда оның мөлшері — 15 274 теңге болып отыр. Бұл сома зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне қарамастан бірыңғай төленіп келген. Алайда енді базалық зейнетақының мөлшері — ынтымақты және жинақтаушы жүйеге қатысу кезеңіне сәйкес болмақ. Яғни, 1998 жылға дейiн жиналған еңбек өтiлi мен 1998 жылдың 1 қаңтарынан кейiн зейнетақы жүйесiне аударылған зейнетақы жарналарына негізделіп тағайындалады.

Айта кетейік, 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін тағайындалған базалық зейнетақы зейнеткердің іс-құжатында бекітілген стажына сәйкес қайта есептеледі.

Базалық зейнетақы қалай есептеледі?

Еңбек өтілі 10 жыл және одан кем болса, оларға ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызы тағайындалады. Еңбек өтілі 10 жылдан асатындарға әр жыл үшін 2 пайыз үстеме қосылады. Егер еңбек өтілі 20 жыл болса, ең төменгі күнкөріс деңгейінің 74 пайызы, ал еңбек өтілі 35 жыл болса, базалық зейнетақы 100 пайыз көлемінде болады.

– Мәселен, 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін — 15 жыл, содан кейін — 16 жыл жұмыс істесе, базалық зейнетақы тағайындау үшін жалпы — 31 жылдық еңбек өтілі қабылданады. Бұл жағдайда (31 жыл) 10 жылы үшін зейнеткер кепілдендірілген 54 пайызға ие болады. Қалған 21 жылы үшін оған 2 пайыздан — 42 пайыз қосылады. Осылайша, 31 жылдық еңбек өтілі бар зейнеткер 54-ке 42-ні қосқанда, ең төменгі көрсеткіштің 96 пайызын (шамамен 27153 теңге) алады. 1998 жылдың 1 қаңтарынан кейінгі еңбек өтілі жинақтаушы қорына аударылған зейнетақы жарналарының 10%-ның түсуіне қарай есептеледі, — дейді Несібелі Қаражанова.

Данияр Ақышев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ұлттық банк төрағасы зейнетақы қорындағы қаражаттың қайда жұмсалатынын айтты

Айтпақшы, есептеудің жаңа әдісі бойынша жеңілдік шартпен зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлер, яғни 5 және одан да көп баласы бар аналар, Семей полигоны аймағында 1949-1963 жылдар аралығында кемінде 5 жыл тұрған азаматтарға базалық зейнетақы 63 жасқа толғанда ғана тағайындалады.

Ескерту: базалық зейнетақыны қайта есептеу кезінде басынан ешқандай құжаттар қабылданбайды. Барлық мәлімет базада толық сақталған. 1Зейнетақым дұрыс есептелмеді" деп оны қайтадан есептетуге болмайды. Бұл өзгертілмейді.

Әзірден мына құжаттарды құнттаңыз

Алайда жоғарыдағы ескерту 1 шілдеден кейін зейнетке шығатындарға қатысты емес. Ертеңгі күні зейнетақыдан қағылғыңыз келмесе, әзірден бастап құжаттарыңызды құнттаңыз.

Бұл үшін:

1. 1998 жылға дейінгі жинаған еңбек өтілін растайтын еңбек кітапшасы;

2. жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 1998 жылдан кейін үздіксіз аударылған зейнетақы салымдарының үзінділері қажет.

Бұдан бөлек зейнетақыны тағайындау үшін:

1. Жеке бас куәлігі;

2. Мекенжай анықтамасы;

3. Банктегі есепшот нөмірі;

4. Жұмыс орнынан табысты растайтын анықтама;

5.Әскери билет;

6. Балалардың туу туралы куәлігі;

7. Неке қию туралы анықтама;

8. Жалпы орта білім туралы аттестат;

9. Диплом сұрайды.

БЖЗҚ - Sputnik Қазақстан
Экономика
БЖЗҚ: екі миллион қазақстандық зейнетақы жинағын тұрақты толтырмайды

Бала күтімі еңбек өтіліне жата ма?

Бұл сауал да көпті жиі мазалайды. Әсіресе әйелдер қауымын.

Несібелі Қаражанованың айтуынша, бала туып, үйде отырған келіншектерге уайымдауға негіз жоқ. Себебі, бала тууға және оның күтіміне байланысты заңды түрде жұмыстан шыққан азаматшалар мен декрет демалысында отырған әйелдердің 3 жылы еңбек өтіліне жатады. Егер әйел бала күтіміне байланысты 12 жылға дейін заңды түрде еңбек қатынасында болмаса, барлық баласының арасы — 3 жастан аспаған жағдайда осы аралық оның еңбек өтіліне есептеледі.

— Мәселен, бала күтімі үшін алынған еңбек өтілі 01.01.98 жылға дейін 7 жыл болса және әйелдің 10.05.1999 және 14.10.2001 жылы туған балалары болған жағдайда осы жылдар бала күтімі үшін 12 жылдан аспайтын еңбек өтілі болып есептеледі. Ал 1998 жылға дейін туған балалар үшін 7 жыл еңбек өтілі болып есептелінеді. Ал декрет демалысындағылар үшін мүлдем басқа. Жұмыс істеп декрет демалысына шыққан әйелдерге бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты зейнетақы жарнасы аударылады. Жалпы міндетті жарнаның бір бөлігін мемлекеттік сақтандыру қоры аударса, қалғаны республикалық бюджеттен субсидияланады. Бұл әйел бала күтімімен декрет демалысында отырған жылдары (3 жылдан аспауы керек) еңбек өтіліміне саналады деген сөз,- дейді маман.

Ақша - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын кімдер алатыны белгілі болды

Бас бостандығынан айырылғандар ше?

Ел арасында "бас бостандығынан айырылған азаматтардың түзету мекемесінде өткізген жылдары еңбек өтіліміне есептеледі" деген түсінік бар. Несібелі Қаражанованың сөзінше, бас бостандығынан айырылған уақытты еңбек өтіліне есептеу "ҚР Зейнетақымен қамсыздандыру" туралы Заңында қарастырылмаған. Сондықтан да, түзету мекемесінде өткізген жылдар еңбек өтіліміне есептеледі деген ой қате. Ал әскерде болған кезі міндетті түрде еңбек өтілі ретінде саналады екен.

Айтпақшы…

1 шілдеден бастап мүмкіндігі шектеулі жандардың отбасына қатысты да өзгеріс енеді. Кәмелет жасына толған, І топтағы мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарына не қамқоршыларына мемлекеттік жәрдемақының жаңа түрі төленеді. Мөлшері шамамен — 30 мың теңгені құрайды. Айта кетейік, бұған дейін қаржылай қолдау — 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі баланың ата-анасына не қамқоршысына ғана беріліп келген. Оның мөлшері — 29 мың теңге болатын. 


Жаңалықтар
0