Экономика

БЖЗҚ: екі миллион қазақстандық зейнетақы жинағын тұрақты толтырмайды

© SputnikБЖЗҚ
БЖЗҚ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
БЖЗҚ басшысы Нұрбибі Наурызбаеваның пікірінше, бұлардың қатарына "өзін-өзі жұмыспен қамтушылар" және жұмыссыз азаматтар кіреді

АСТАНА, 23 сәуір — Sputnik. Екі миллион қазақстандықтың зейнетақы жинағына қаражат тұрақты аударылмайды, деп мәлімдеді "БЖЗҚ" АҚ басқарма басшысы Нұрбибі Наурызбаева баспасөз мәслихаты кезінде.

Ақша - Sputnik Қазақстан
Экономика
БЖЗҚ Ерденаевтан тағы 1,7 миллиард теңге өндіріп алмақ

"Мемлекет басшысы өзін-өзі жұмыспен қамтушылар мәселесіне назар аударуды тапсырғанын білесіздер. Бүгінгі таңда екі миллионға жуық шотқа қаражат тұрақты түспейді. Біздің пайымдауымызша, бұлар өзін-өзі жұмыспен қамтушылар немесе жұмыссыздар", — деп мәлімдеді ол. Басқарма басшысы түсіндіріп өткендей, зейнетақы қоры өзін-өзі жұмыспен қамтушы азаматтармен ауқымды жұмысты бастап кеткен.

"Биыл өзін-өзі жұмыспен қамтушы халықпен жұмыс істеуді бастадық… Алғашқы жарты жылда 375 мың адамды қамтимыз деп жоспарлап отырмыз. Деректер базасынан шотында қаражат жоқ немесе уақытылы салым салынбайтын келісімдерді таңдап алдық. Менеджерлеріміз бұл азаматтармен хабарласып, қаражат аудармау себептерін сұрайды, жұмыссыз болған жағдайда әлеуметтік бағдарламалар жайында мағлұмат береді, шағын және орта бизнесті түсіндіреді", — дейді Наурызбаева.

Оның сөзіне сүйенсек, екі ай ішінде 71 мың азаматпен байланыс орнатылған.

Жаңалықтар
0