Өңірлер

Шымкентте ескі қорғасын зауытының алып құбыры қирағалы тұр

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуЗауыт
Зауыт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Металл жинаушылар құбырдың тағанын бүлдірген

АСТАНА, 18 мамыр — Sputnik. Шымкентте ескі қорғасын зауытының алып құбыры қирағалы тұр, құласа, жақын маңдағы үйлер мен стратегиялық маңызы бар нысандарға зиянын келтіреді.

АМӨЗ - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Атырау мұнай зауытында жанған от жергілікті тұрғындардың үрейін ұшырды

Құбырдың кез келген сәтте құлауы мүмкін екеніне қарамастан, зауыт территориясын металл жинаушылар торуылдап жүреді. Олардың кесірінен ұзындығы 70 метр нысанның тағаны бүлінген, деп жазады "Отырар".

Жергілікті билік өкілдері құбырға маңайлай алмайды, өйткені кәсіпорын бар мүлкімен банкте кепілде тұр. Құбырды банк рұқсатымен бұзуға болады, бірақ шығынды кім төлейді – беймәлім.

Ал зауыт аумағында бұзылуға тиіс тағы бір нысан бар. Жұмысшыларға арналған көпір де қирағалы тұр. Құлайтын болса, 60 жолаушы және жүк пойызының жолына тосқауыл болады.

Жол станциясының жұмысшылары айтқандай, көпір құласа, жол жабылды деген сөз, өйткені басқа айналма жолдар жақын маңда жоқ. 

Қазір ескі өнеркәсіп нысаны аумағында полицияның күшейтілген жасағы қойылған.

Жаңалықтар
0